Үкіметтік емес ұйымдар

Азаматтық қоғамды дамыту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыбын қалыптастыру және конкурстық рәсімдерді өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, Қостанай облысының қоғамдық кеңестерінің қызметіне мониторинг ұйымдастыру және т. б.
Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысты түрлі мәселелер бойынша консультациялық және әдістемелік көмек тұрақты түрде көрсетіліп отырады.
ҮЕҰ Дерекқоры Әділет және мемлекеттік кірістер департаменттерімен Тоқсан сайын салыстырылып отырады. Бүгінгі таңда облыста 724 ҮЕҰ тіркелген.
Жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік проблемаларын шешу және үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында мемлекеттік органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асырады.
2025 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жалпы сомасы 1 млрд.теңгеге 315 әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылды.
Басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 8 жоба жоспарланған.
2025 жылы «Облыстық Ресурстық орталықтың қызметін ұйымдастыру» жобасы аясында қаржылық және салықтық есептілікті тапсыру, жобалық менеджмент және фандрайзинг мәселелері бойынша 307 консультация, ҮЕҰ мектебінің 12 оқыту семинары өткізілді.
2025 жылдың маусым айында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті, онда 1 000,0 мың теңгеден 5 жоба қаржыландырылды және 4 жобаны серіктестік ұйымдар қолдады.
Сондай-ақ, бөлім тоқсан сайын Қостанай облысының қоғамдық кеңестерінің қызметіне мониторинг жүргізеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша облыста қоғамдық кеңестер тарапынан 76 қоғамдық мониторинг, 180 қоғамдық тыңдау өткізілді, нормативтік-құқықтық актілердің 534 жобасы, облыс тұрғындарының 87 өтініші қаралды, Мемлекеттік органдардың 109 басшысының есебі тыңдалды.

Дата публикации
29 декабря 2025