Білім басқармасының 2025 жылғы желтоқсан айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты
2025 ж. білім беру саласының бюджеті 216,7 млрд.теңге құрайды (2024 ж. – 197,7 млрд.теңге).
Білім беру желісі 734 ұйымнан (654 мемлекеттік, 80 жекеменшік) құралған: 174 балабақша (113 мемл., 61 жекеменшік), 431 жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп, 9 жекеменшік жалпы білім беретін мектеп, 33 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (24 мемлекеттік, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 26 арнайы білім беру ұйымы (5 арнаулы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация), жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 білім беру ұйымы, 49 қосымша білім беру ұйымы (46 мемлекеттік, оның ішінде 3 жекеменшік – Балалар инклюзивті академиясы, «Болашақ», «Строитель» қала сыртындағы лагерьлері).
Мектепке дейінгі тәрбиелеу.
2025 жылғы қазан айына облыста 174 балабақша (2024ж. - 181), оның ішінде 61 жекеменшік (2024 ж. - 58), 293 шағын орталық (2024ж. - 314), оның ішінде 6 жекеменшік (2024ж. - 5).
Мектепке дейінгі ұйымдарға 2 жастан 6 жасқа дейін 1 752 бала кезекте тұр. Балабақша кезегінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны мына өңірлерде сақталған: Рудный қ. – 655, Қостанай ауданы – 247, Арқалық қ. – 207, Қостанай қ. – 167.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 96,4%-ы қамтылған. 2025 жылдың басынан бері 895 орынға арналған 4 жаңа балабақша пайдалануға берілді (3 – мемлекеттік, 2- жекеменшік).
Жалпы орта білім.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісіне 451 мектеп кіреді, соның ішінде 431 (2024-2025 о.ж.-436) күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 6 мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы, 4 кешкі (2024-2025 о.ж.-4), 1 – түзеу мекемесінің жанында, 9 жекеменшік (2024-2025 о.ж.-9) мектеп. Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 111 қазақ тілінде оқытатын мектеп, 105 аралас мектеп.
Өңірде шағын жинақталған мектеп саны 277 немесе 64,2% (2024-2025 о.ж. - 63%) басым екенін ескере отырып, оқу бағдарламаларын ойдағыдай игеру үшін бүгінгі таңда 21 ресурстық орталық, 63 бекітілген мектеп істейді.
Қосымша білім беру.
2025 жылғы қазандағы жағдай бойынша Қостанай облысында 96,3% немесе 108 099 бала қосымша біліммен қамтылған (қайталанбастан).
Облыста 33 мыңнан астам баланы қамтитын 49 қосымша білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 46 мемлекеттік (сарайлар, үйлер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары - 21, музыка мектептері - 6, көркемөнер мектептір – 3, өнер мектептері - 10, хореографиялық мектептер - 1, техникалық шығармашылық мектептері - 1, аула клубтары - 1, оқу-әдістемелік орталықтар - 1, саяжай лагерлері - 2), 3 жекеменшік (Балалар инклюзивті академиясы, «Болашақ» және «Строитель» лагерлері).
3848 мектеп үйірмесі (2290) мен спорт секциясында (1558) 50 мыңнан астам (50752) бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады (қайталанбастан). Сонымен қатар облыста балалар мен жасөспірімдерге арналған 30 спорт мектебі істейді, онда 19 мыңнан астам (19591) бала айналысады.
Сонымен қатар облыста 12 мыңға жуық (11601) баланы қамтитын шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларының 50 түрі бойынша мемлекеттік шығармашылық (6735 бала) және спорттық (4866) тапсырыстар орналастырылады.
2025 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа 1,3 млрд. теңге, мемлекеттік спорттық тапсырысқа 1,1 млрд. теңге бөлінді (DamuBala платформасы).
Осы жылы балалардың сапалы қосымша білім алуына жағдай жасау мақсатында Қостанай ауданының Тобыл қаласында музыка мектебі мен балалар шығармашылық үйі үшін 1,5 млрд. теңге сомасына жаңа ғимарат салынды.
Сондай-ақ, 2025 жылы білім басқармасы 5 қосымша білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 210 млн.теңгеден астам қаражат бөлді: Қостанай ауданының Музыка мектебі мен Балалар шығармашылығы үйі, Әулиекөл ауданының Достық балалар сауықтыру мәдени кешені, Арқалық қаласының «Жас-Ұлан» балалар-жасөспірімдер орталығы, Лисаков қаласының балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы.
2026 жылы Жангелдин ауданында Шығармашылық үйінің ашылуы және Рудный қаласында музыка мектебінің ашылуы жоспарланған.
Қорғаншылық және қамқоршылық және арнаулы білім беру ұйымдары.
Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 9 509 бала тұрады, оның ішінде 9 081 бала оқытылуға тиіс.
Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 27 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация.
1-ден 11-сыныпқа дейінгі 489 бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды.
3666 (2023-2024 оқу жылы.- 3912, 2024-2025 оқу жылы – 3743, 2025-2026 оқу жылы - 3666 ) бала 350 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім берумен қамтылды.
30 жалпы білім беретін мектеп пен 1 балабақшада 31 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 392 балаға қолдау көрсетіледі.
Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР-да-99) 962 тәрбиеленуші оқиды, жалпы білім беретін мектептердің 95 арнайы сыныбында 682 оқушы арнаулы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДК-602, ББ-32, сөйлеу қабілеті бұзылған-42, көру қабілеті бұзылған-6).
Бүгінгі күні 432 мектептің ішінен 417 мектепте (96,5%), 113 балабақшаның ішінен 100 балабақшада (88,5%) және 26 колледждің ішінен 26 колледжде (100%) инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасалған (кедергісіз қол жеткізу, мамандармен жасақтау, тиісті материалдық-техникалық базаны нығайту).
17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде (ҚР-да-227) 680 балаға қолдау көрсетіледі (2021-2022 о.ж.-622).
Соңғы 3 жыл ішінде 6 жастан 18 жасқа дейінгі жалпы білім беретін мектептерде (оның ішінде үйде оқытылатын) оқитын ерекше балаларға, еріп жүретін адаммен бірге «Хатико» жекеменшік қаладан тыс оңалту орталығының базасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қалалар мен аудандардың білім бөлімдері жазғы демалыс және сауықтыру ұйымдастырады.
2025 жылғы жаз мезгілінде облыстың 12 өңірінен 391 бала еріп жүрушілермен бірге жалпы 53,4 млн. теңге сомаға (2022 ж. - 12 млн. 100 бала және 100 еріп жүруші, 2023 ж. - 29 млн. астам сомаға 292 бала) демалды.
Облыста 1 596 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2021ж. - 1870, 2022ж. - 1764, 2023ж. - 1699, 2024 ж. - 1084). Соның ішінде 1 053 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа берілген (2021ж.-1240, 2022ж.-1198, 2023ж.-1193, 2024 ж.), 183 - қазақстандық азаматтардың отбасыларына патронаттық тәрбиеге берілген (2021ж.-192, 2022ж.-185, 2023ж.-181, 2024ж. - 185), 14 бала асырап алынды (2021ж.-19, 2022ж.-18, 2023ж.-17, 2024ж.-17), жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 ұйымда 346 кәмелетке толмаған тұрады.
Кадрлық қамтамасыз ету.
Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 14 894 педагог істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 13 384, бұл 90%, арнайы орта – 1510, немесе 10,1%. 1264 (8,5%) педагогтің академиялық магистр дәрежесі бар.
Қолданыстағы формат бойынша 14 845 (99%) педагогтің біліктілік санаттары бар, «педагог-шебер» - 97 (0,87%), «педагог-зерттеуші» - 2 185 (14,7%), «педагог-сарапшы» - 3 660 (22,6%), «педагог-модератор» - 5516 (37,1%).
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3 405 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 1 845 (53,5%), арнайы орта білімі бар – 1 560 (46,4%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімі бар – 1 375 (41,6%). 46 (15,1%) педагогтің академиялық магистр дәрежесі бар.
Қолданыстағы формат бойынша 3 334 (97%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 1 (0,2%), «педагог-зерттеуші» - 128 (3,8%), «педагог-сарапшы» - 360 (11%), «педагог-модератор» - 1 689 (50,6%).
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнаулы ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 734 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 694 жоғары білімі бар, бұл 94,5%, 40 педагогтің арнайы орта білімі бар, бұл 5,4% құрайды. 115 (15,6%) педагогтің магистр академиялық дәрежесі бар.
Қолданыстағы формат бойынша 715 (94,7%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 6 (0,83%), «педагог-зерттеуші» - 113 (15,8%), «педагог-сарапшы» - 98 (13,7%), «педагог-модератор» - 320 (45%).
Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім кадрлармен қамтамасыз ету.
Мұғалімдердің жалпы саны 1 664, оның ішінде 1 579 (95%) жоғары білімді, 85 (5%) арнаулы орта білімі бар. 275 педагогтің (15,4%) академиялық магистр дәрежесі бар.
Қолданыстағы формат бойынша 1599 (58%) мұғалімнің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» – 8 (8%), «педагог-зерттеуші» – 144 (13,8%), «педагог-сарапшы» – 271 (27,1%), «педагог-модератор» - 612 (33,9%).
Техникалық және кәсіптік білім.
Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 колледжден тұрады (24 мемлекеттік, білім басқармасына ведомстволық бағынысты ұйымдар, 2 - денсаулық сақтау басқармасына және 7 жекеменшік), онда 21 мыңнан астам студент (21 995 адам) оқиды. Дуальдыоқытуаясында30(91%)колледжде ауыл шаруашылығы,көлік,құрылыс,тамақ, тау-кен өндіру салалары,қызмет көрсету,білім беру,байланысжәнеақпараттықтехнологиялар,энергетика салалары бойынша 7мыңстудент(7639)немесе39% оқиды.
2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 721 адам қабылданды (оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша – 1582). 2024-2025 оқу жылының ұқсас кезеңі ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 489 адам қабылданды (кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша - 1237 адам).
Қазіргі уақытта 23 жатақхана жұмыс істейді (оның 21-сі мемлекеттік, 2-уі жекеменшік колледжерге тиесілі). Жатақханадағы орындармен 2 742 адам қамтамасыз етілген.
Құрылыс және жөндеу жұмыстары.
Биыл «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде Рудный қаласында 900 орындық мектептің ашылуы жоспарланған.
Сондай-ақ аяқталу мерзімі 2025 жылы деп белгіленген 1980 орындық 3 мектептің құрылысы жалғасуда (Қостанай ауданының Еңбек ауылында 100 орындық, Қостанай қаласының Береке шағын ауданында 980 орындық және Қонай ш/а 900 орындық).
Ыңғайлы және қауіпсіз оқу жағдайларын жасау мақсатында 2026 жылы 8 білім беру нысанын (7 мектеп, 1 колледж) күрделі жөндеуге 2,4 млрд.теңге бөлінді (Жітіқара ауданының гимназиясы, Әулиекөл ауданының Диев ЖББМ, Арқалық қаласының № 5 ЖББМ, Қостанай қаласының № 122 ЖББМ, Федоров ауданының Кенарал ЖББМ, Рудный қаласының А. Байтұрсынов атындағы ЖББМ, Қарабалық ауданының Боскөл ЖББМ, Лисаков техникалық колледжі).
8 нысанның 5-і 2025 жылдан бастап ауыспалы нысандар болып табылады (Жітіқара ауданының гимназиясы, Әулиекөл ауданының Диев ЖББМ, Арқалық қаласының № 5 ЖББМ, Қостанай қаласының № 122 ЖББМ, Федоров ауданының Кенарал ЖББМ). 2025 жылға жоспарланған жұмыстар аяқталды, қалған жұмыстар осы жылы жалғасатын болады.
Қауіпсіздік.
2025 жылы қауіпсіздікті нығайтуға 3,0 млрд.аса теңге бөлінді, оның ішінде лицензиялық күзет жүйесін енгізуге – 1279,8 млн.теңге, ЖБО-ға қызмет көрсету – 491,1 млн.теңге, қауіпсіздік жүйелерге қызмет көрсету – 580,1 млн.теңге, бейнебақылау жүйесін жаңартуға (цифрлық камералар) - 730,5 млн.теңге бөлінген.
84 (100%) балабақшада бейнебақылау жүйесі ЖБО - ға және кезекші бөлімге (бұдан әрі-КБ) шығарылды, 84 (100%) дабыл түймесі орнатылды, лицензияланған күзет 75 (100%), 75 (100%) домофон жүйесі орнатылды.
311 (100%) мектепте бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне тіркелген, 311 (100%) мектепте дабыл түймелері орнатылған, 136 (100%) мектепте лицензияланған күзет енгізілді, 136 (100%) мектепте турникеттер бар.
24 (100%) колледжде бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне тіркелген, 24 (100%) дабыл түймесі орнатылды, 23 (100%) колледжде лицензиялық күзет жүйесі енгізілді, 23 (100%) колледжде турникет бар.
23 (100%) қосымша білім беру ұйымында бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне шығарылған, 23 (100%) дабыл түймесі орнатылған, 23 (100%) лицензияланған күзет енгізілген, 23 (100%) қосымша білім беру ұйымында турникет орнатылған.
Цифрландыру.
2025 жылғы желтоқсан жағдайына Интернет желісіне мектептердің 100% қосылған (2023 ж. жоспар - 100%, 2024 ж. жоспар – 100%, 2025 ж. жоспар - 100%).
Облыстың барлық 431 мектебі жылдамдығы секундына 20 Мбиттен бастап және одан да жоғары интернетпен қамтамасыз етілген, оның ішінде 146 ауыл мектебі Starlink спутниктік интернет пайдаланады.
Қостанай облысы бойынша барлығы 37 мыңнан астам (37 421) компьютер техникасы бар, оның ішінде 6 215 компьютер немесе 16,6% жаңа модификацияда, 31 206 компьютерді немесе 83,4% есептен шығару қажет.