2025 жылы 4 және 9-сынып оқушыларының
оқу жетістіктерінің нәтижесі
2025 жылы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне (бұдан әрі – ББЖМ) облыстың 90 мектебі, оның ішінде Қостанай қаласының 2 жекеменшік мектебі іріктеліп алынды. Іріктелген оқушылардың саны - 2403 бала (4 сыныптарда 1189 және 9 сыныптарда 1214).
Ұлттық мониторинг 2025 жылғы 7-29 сәуір аралығында өткізілді, сондай-ақ биыл ұлттық тестілеумен қатар, 34 мектептің (оның ішінде облыстың 5 мектебі ББЖМ-ға да қатысады) 15 жастағы оқушылары және 4 ТжКБ ұйымдары PISA Халықаралық зерттеуіне қатысты.
Анықтама: 2024 жылы ББЖМ 17 өңірден 4 және 9 сынып оқушылары және 2 облыстық білім беру ұйымдары, 79 толық жинақты мектептің 4581 оқушысы қатысты (4 сынып - 2278 оқушы, 9 сынып – 2303 оқушы).
«Талдау» деректері бойынша 4-сынып оқушылары облыс бойынша 504 жалпы орташа балл көрсетті, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары, алайда облыс бойынша 9-сынып оқушыларының орташа балы - 461 және республикалық балдан төмен (ҚР-500 б.) екенін атап өткен жөн.
«Талдау» мәліметтеріне сәйкес Жангелдин, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласын жоғары нәтижелер көрсетті.
PISA-2022 жылы 36 білім беру ұйымының 15 жастағы 1030 оқушысы (2018 жылы – 1232) қатысты, оның ішінде облыстың 32 мектебі және 4 колледжі бар (2018 жылы - 40 мектеп, оның ішінде НЗМ және 5 колледж).
ОЭСР ұсынған деректерге сүйенсек, облыстың 15 жастағы оқушылары мен студенттерінің нәтижелері ел бойынша ең үздік позицияларға ие: математикалық сауаттылық бойынша 4 орын – 440 балл, зерттеудің алдыңғы қорытындысымен салыстырғанда бір позицияға төмен, алайда республикалықтан 15 баллға жоғары, ҚР бойынша – 425 балл (2018 жылы-3 орын, 448 балл, ҚР-423 б.), жаратылыстану ғылымдары бойынша 2 орын - 455 балл, республикалықтан 32 баллға жоғары, сол арқылы ҚР бойынша – 423 б. (2018 ж. – 3 орын, 426 б., ҚР-397 б.), оқу сауаттылығы бойынша 1 орын -427 балл, республикалықтан 41 баллға жоғары, ҚР бойынша - 386 б. және алдыңғы нәтижемен салыстырғанда жоғары орынға ие болды (2018 жылы – 4 орын, 417 б., ҚР-387 б.).