2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Қостанай облысының оқушылары барлық негізгі олимпиадалар мен жобалар конкурстарына қатысты, олардың ішінде Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада, Оқушылардың республикалық олимпиадасы және Республикалық ғылыми жобалар конкурсы.
Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша ауыл мектептері үшін 46 адамнан тұратын облыс құрамасы құрылды.
Қостанай облысынан Қостанай, Амангелді, Алтынсарин, Сарыкөл, Қарабалық, Меңдіқара, Б.Майлин, Қарасу, Федоров аудандарының білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларының 46 оқушысы қатысты.
Қостанай облысының олимпиадалық командасының 26 қатысушысы Ауыл мектептеріне арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жүлделі орындарына ие болды, оның ішінде 3 бірінші, 5 екінші және 18 үшінші орын.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыстың олимпиадалық командасы жалпы командалық ІІІ орынды иеленді.
Қостанай облысының олимпиадалық құрамасына Республикалық олимпиадаға қатысу үшін 63 қатысушы кірді.
Олимпиадаға қатысушылар құрамына Ауыл мектептері оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары да кірді: Әулиекөл ауданы (2 жеңімпаз: информатика, құқық негіздері), Сарыкөл ауданы (1 жеңімпаз: химия).
Қостанай облысынан олимпиадаға Арқалық, Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары, Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Сарыкөл, Федоров аудандарының, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушылары қатысты.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (4 медальдан 3 медаль), «Орыс тілі мен әдебиеті» (4 медальдан 3 медаль) пәндерінен қатысқан оқушылар жоғары нәтиже көрсетті. «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері», «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі» пәндері бойынша қатысушылар 4-тен 2 жүлделі орынға ие болды.
Жалпы 15 оқушы олимпиаданың жүлдегерлері атанды, оның ішінде 1 алтын, 7 күміс және 8 қола медаль.
Қостанай облысы олимпиадалық командасының 23 қатысушысы 2024-2025 оқу жылының республикалық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 1 алтын, 9 күміс және 13 қола жүлдегер.
Республикалық жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне 43 оқушы – Амангелді, Жітіқара, Қарабалық, Қостанай, Федоров аудандарының, Арқалық, Қостанай, Лисаков қалаларының және дарынды балаларға арналған 2 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан: «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты 22 білім беру ұйымдарынан 36 жобаның авторлары қатысты.
Конкурста 16 оқушының 14 жобасы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 2 бірінші (2 оқушы), 3 екінші (3 оқушы) және 9 үшінші (11 оқушы) орын. Тағы 1 жоба (2 оқушы) ерекше жетістіктері үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.
Ауыл мектептерінің оқушылары ұсынған жобалардың ішінен қола медальдарға ие болды: