2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен сапалы қамтамасыз ету бойынша
Облыста 485 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 172 балабақшада - 23438 бала, 313 шағын орталықта - 4 971 бала, оның ішінде 59 жекеменшік балабақша (7 324 бала) және 6 шағын орталық (328 бала) бар.
Бүгінгі күні мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың үлесі 92,4% құрайды (жоспар-95,8%).
Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру мақсатында Қостанай облысының мектепке дейінгі ұйымдарын енгізу және ашудың 2021-2025 жылдарға арналған қадамдық жоспары әзірленіп, бекітілді.
2024 жылдың басынан бастап 1 167 орындық 7 жаңа балабақша іске қосылды (мемлекеттік – 3, жекеменшік – 4).
Анықтама: тамыз айында Тобыл қаласының «Нұрай» шағын ауданында 100 орындық, қазан айында Әулиекөл ауданының Әулиекөл ауылында 280 орындық, Рудный қаласында 192 орындық, Қостанай ауданының Мичурин ауылында 100 орындық, Арқалық қаласында желтоқсан айында 140 орындық, Жангелдин ауданының Торғай ауылында 75 орындық және Қостанай қаласының «Юбилейный» шағын ауданында 280 орындық балабақшалар ашылды.
Жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы орындарды кеңейту есебінен қосымша 148 орын (Қостанай қ.) енгізілді.
2025 жылы Рудный қаласында МЖӘ есебінен 280 орындық 1 балабақша пайдалануға беріледі.
Қостанай қаласының «Аэропорт» шағын ауданында 280 орындық тағы 1 балабақшаның құрылысы аяқталды.
Сондай-ақ Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 145 орындық балабақша пайдалануға беріледі.

Дата публикации
13 июня 2025