Мектепке дейінгі ұйымдарда 3299 педагог жұмыс жасайды, оның ішінде жоғары білімі бар – 1 767 (53,5%), арнаулы орта білімі бар – 1532 (46,4%), оның ішінде мектепке дейінгі арнаулы білімі бар -1375(41,6%). Магистр академиялық дәрежесін 30 (0,90%) педагог алды.
Қолданыстағы біліктілік санаттары бойынша 1 608 (52,2%) педагог бар, оның ішінде "педагог-шебер" - 1 (0,79%), "педагог-зерттеуші"-119 (3,6%), "педагог - сарапшы"-289 (8,8%), "педагог - модератор" - 1 282 (38,8%).
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнаулы ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 618 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар - 569, бұл 92%, арнаулы орта – 49 немесе 8% құрайды. Магистр академиялық дәрежесі 67 (10,8%) педагог.
Қолданыстағы біліктілік санаты бойынша 319 (51,6%) педагог бар, оның ішінде "педагог-шебер"-0, "педагог-зерттеуші" - 76 (12,3%), "педагог-сарапшы" - 70 (11,3%), "педагог-модератор" - 173 (28%) педагог бар.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді кадрлық қамтамасыз ету.
Педагогтердің барлығы – 1 766, оның ішінде жоғары білімі бар – 1 738 (98,4%), арнаулы орта білімі бар-28 (2,59%). Магистр академиялық дәрежесі бар 228 педагог (12,9%). Қолданыстағы біліктілік санаттары бойынша 759 (42,9%) педагог бар, оның ішінде "педагог-шебер" - 9 (0,4%), "педагог-зерттеуші"-134 (7,5%), "педагог - сарапшы"-212 (12%), "педагог - модератор" - 407 (23%).