Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің үлесі

Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде 2025 жыл ішінде көрсеткішке қол жеткізу нәтижесі туралы ақпарат

 

 

«Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі» көрсеткішіне қол жеткізу жергілікті атқарушы органдардың облыстағы жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерінде, балабақшаларында, колледждерінде жағдай жасау арқылы жүзеге асырылатын болады: кедергісіз қол жеткізу, мамандармен жасақтау және тиісті материалдық-техникалық базаны нығайту.

Бүгінгі таңда 414 мектепте (94%), мектепке дейінгі 91 ұйымда (79%), 23 колледжде (85%) инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалды.

Сонымен 2026 жылы бұл көрсеткішке инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған облыстың жалпы білім беретін мектептерінің санын білім беру ұйымдарының 100% - на дейін ұлғайту жолымен қол жеткізілетін болады.

Дата публикации
13 июня 2025