Осы санаттағы балалардың жалпы санынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерінің үлесі

2025 жылғы маусымдағы жағдай бойынша облыстағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 білім беру ұйымында 396 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, 1250 кәмелетке толмаған бала қазақстандық азаматтар отбасыларында отбасына орналастырудың баламалы нысандарында тәрбиеленді.
Облыс бойынша «Осы санаттағы балалардың жалпы санынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерінің үлесі» көрсеткіші 21,6 % құрайды (2024 жыл – 19 %).
Тәрбиеленушілерді отбасына орналастырудың баламалы нысандарына орналастыру бойынша жұмыс үнемі жүргізіледі.
2025 жылы жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерді қазақстандық азаматтар отбасыларына орналастыру және 20 кәмелетке толмаған баланы қандас отбасына қайтару бойынша жұмысты жүргізді.
Мекемелердегі балалар санын азайту үшін мемлекеттік орган балаларды баламалы нысандарына орналастыру және оларды қандас отбасыларына қайтару бойынша түсіндіру жұмысын жүргізеді. Отбасына орналастырудың мұндай нысандарын қолдауға және дамытуға «Бала қабылдаушы ата-аналар мектебі» мен «Отбасын қолдау қызметтері» ықпал етеді.
Мұндай қызметтердің қызметі баланы (балаларды) тәрбиелеуге алғысы келетін адамдарға кеңес беруге, психологиялық, анықтама-ақпараттық, әлеуметтік-құқық түрінде көмек көрсетуге бағытталған.
Осы жылдың өткен кезеңі ішінде ғана 200-ге жуық отбасы психологиялық және заң көмегіне жүгінді.

Дата публикации
12 июня 2025