2024-2025 оқу жылының аясында балалардың қосымша біліммен қамтылуы 95,5% немесе 108 338 баланы құрайды (қайталаусыз).
Облыста 49 қосымша білім беру ұйымы, оның ішінде 38 350 баланы қамтитын 46 мемлекеттік (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйлері, сарайлары, орталықтары - 21, музыка мектептері - 7, көркемөнер мектептері - 3, өнер мектептері - 9, хореография мектептері - 1, техникалық шығармашылық мектептері - 1, аула клубтары - 1, оқу-әдістемелік орталықтары – 1, қала сыртындағы лагерьлер - 2), 3 жекеменшік (Инклюзивті балалар академиясы, қала сыртындағы лагерьлер - 2) ұйым жұмыс істейді.
3700-ден астам үйірме мен секцияларында 72 мыңнан аса бала қызығушылығына қарай шұғылданады. Сондай-ақ облыста 30 балалар-жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді, онда 21 мыңнан аса бала қатысады.
Сонымен қатар облыста 12 мың баланы қамтитын (11983) шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларының 50 түрі бойынша шығармашылық және спортқа мемлекеттік тапсырыстар орналастырылады.
Биыл мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа 1,3 млрд. теңге, ал мемлекеттік спорт тапсырысына 1,1 млрд.теңге бөлінді (DamuBala платформасы).
Қосымша беру ұйымдарының арнасын кеңейту мақсатында 2023 жылғы қарашадан бастап Қостанай қаласында жалпы ауданы 12 мың м2 құрайтын «IQostanay» балаларға арналған SMART орталығы ашылды. Жобаның жалпы құны - 10,7 млрд. теңге («BI Global» ЖШС).
Қазіргі уақытта аталмыш SMART орталығында 1400 бала екі ауысымда шұғылданады, 32 ғылыми-биологиялық үйірме бойынша барлығы 214 топ (қазіргі заманғы бақ шаруашылығы, аква және гидропоника сыныптары, химия-техникалық зертхана, жаңартылатын энергия көздері үйірмесі), IT-бағыт (3D басып шығару және модельдеу, робототехнология және LEGO, бағдарламалау, инженерия, виртуалды шындық үйірмесі, SDR радио бағдарламалау үйірмесі), көркем-эстетикалық (дыбыс жазу және актерлік шеберлік, хореография, заманауи дизайн, мүсіндеу, коворкинг, музыка студиясы, бейне және фото монтаж, режиссерлік өнер сабақтары), тіл бағыты. Сонымен қатар 300 орынға арналған көрермен залы бар.
Сондай-ақ биыл Қостанай ауданының Тобыл қаласында музыка мектебі мен Балалар шығармашылығы үйі үшін 1,5 млрд.теңгеге жаңа ғимарат салынды, бұл ұйымдар қызметінің бағыттарын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 2025 жылы Жангелдин ауданында жаңа ғимаратта (бұрынғы колледждің ғимараты) 100 орындық Шығармашылық үйінің ашылуы жоспарланған.
Қосымша білім беру жүйесін дамыту үшін бірқатар шаралар қолданылады. Сонымен соңғы 3 жыл ішінде мектептік спорт жабдығын сатып алу үшін облыс бюджетінен 602,0 млн.теңге бөлінген (2023 – 100,0 млн.тг., 2022 – 200 млн.тг., 2021 – 302,0 млн.тг)
2023-2024 жылы 18 қосымша білім беру ұйымына 235,4 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу, 43 ұйымға 248,3 млн.теңгеге жиһаз, музыка аспаптары және компьютерлер сатып алынды.
Анықтама: 2021-2022 жылы МТБ нығайтуға 11,4 млн.теңге бөлінді және 4 ұйымда 68,9 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.