2024-2025 оқу жылында 33 техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында 194 мүгедектігі бар студент және мүмкіндігі шектеулі студенттер (169 адам мемлекеттік, 25 жеке) оқиды, бұл білім алушылардың жалпы санының (21 694 адам) 0,78% құрайды. Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі түлектерінің контингенті 2024 жылы 6605 студентті құрады, оның ішінде мүгедек балалар – 47 адам.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мүмкіндігі шектеулі жастарды оқыту үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыруда: 26 колледж - тұтқалармен, 27 – пандустармен жарақтандырылды, 14 колледжде шақыру түймесі бар көтергіш орнатылды, 16 колледжде жарық сигналдары бар, 27 колледжде тактильді плиткалар орнатылды, 30 колледжде санитарлық тораптар ҚНжЕ талаптарына сәйкес бейімделді, 28 колледжде сырғанауға қарсы жабын орнатылған. 2024 жылға инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған ұйымдардың үлесі 81%, жоспар бойынша 77% құрады. Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту үшін сурдопедагог бар.