Білім басқармасының 2025 жылғы наурыз айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты

Білім басқармасының 2025 жылғы наурыз айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты

 

2025 ж. білім беру саласының бюджеті 218,1 млрд.теңге құрайды (2024 ж. – 197,7 млрд.теңге).

Білім беру желісі 734 ұйымнан (654 мемлекеттік, 80 жекеменшік) құралған:                                      173 балабақша, 436 жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп, 9 жекеменшік мектеп, 33 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 27 арнайы білім беру ұйымы (6 арнаулы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация), жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 8 білім беру ұйымы, 48 қосымша білім беру ұйымы (оның ішінде 1 жекеше – Балалар инклюзивті академиясы).

Мектепке дейінгі тәрбие.

2025 жылдың сәуіріне қарай облыста 173 балабақша (2023ж. - 181), оның ішінде жекеменшік – 60 (2023 ж. - 58), 312 шағын орталық (2023ж. - 314), оның ішінде 5 жекеменшік (2023ж. - 5).

Мектепке дейінгі ұйымдарға 2 жастан 6 жасқа дейін 3 808 бала, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін 1 565 бала кезекте тұр. Балабақша кезегінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны мына өңірлерде сақталған: Қостанай қ. – 1 833, Рудный қ. – 999, Қостанай ауданы – 263, Арқалық қ. – 301.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 92%-ы қамтылған.

Жалпы орта білім.

Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісіне 456 мектеп кіреді, соның ішінде 436 (2023-204 о.ж.-445) күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 6 мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы, 5 кешкі (2023-2024 о.ж.-5), 9 жекеменшік (2023-2024 о.ж.-9) мектеп.

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 104-і мемлекеттік тілде оқытатын, 114-і аралас мектеп.

Өңірде шағын жинақталған мектеп саны 275 немесе 63% (2023-2024 о.ж. - 65%) басым екенін ескере отырып, оқу бағдарламаларын ойдағыдай игеру үшін бүгінгі таңда 20 ресурстық орталық жұмыс істейді, 65 ауылдық мектепке 41 қалалық мектеп жетекшілік жасайды.

Қосымша білім беру.

96,5% немесе 110 562 бала қосымша біліммен қамтылған (қайталанбастан).

Облыста 32 мың баланы қамтитын 49 қосымша білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 47 мемлекеттік (сарайлар, үйлер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары - 21, музыка мектептері - 6, көркемөнер мектептір – 3, өнер мектептері - 10, хореографиялық мектептер - 1, техникалық шығармашылық мектептері - 1, аула клубтары - 1, оқу-әдістемелік орталықтар - 1, саяжай лагерлері - 3), 3 жекеменшік (Балалар инклюзивті академиясы, «Болашақ» және «Строитель» лагерлері).

3700 мектеп үйірмесі мен секцияларында 72 мыңнан астам бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады. Сонымен қатар, облыста  балалар мен жасөспірімдерге арналған 30 спорт мектебі істейді, онда 18 мыңнан астам бала айналысады.

Сонымен қатар, облыста 12 мыңға жуық (11983) баланы қамтитын шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларының 50 түрі бойынша мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстар орналастырылады.

2025 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырысқа 1,3 млрд. теңге бөлінді, мемлекеттік спорттық тапсырысқа 1,1 млрд. теңге (DamuBala платформасы).

Қорғаншылық және қамқоршылық және арнаулы білім беру ұйымдары.

Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 9 432 бала тұрады, оның ішінде 9 081 бала оқуға тиіс.

Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 27 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы.

1-ден 11-сыныпқа дейінгі 489 мүгедек бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды. 3 743 (2021-2022 о.ж.-4 078) бала 350 жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім берумен қамтылды.

Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР-да-99) 994 тәрбиеленуші оқиды, жалпы білім беретін мектептердің 95 арнайы сыныбында 682 оқушы арнаулы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДК-602, ББ-32, сөйлеу қабілеті бұзылған-42, көру қабілеті бұзылған-6).

Психологиялық-педагогикалық түзетудің 17 кабинетінде (ҚР-да-212) 630 балаға түзету арқылы қолдау көрсетіледі (2021-2022 о.ж.-622), жалпы білім беретін мектептер жанындағы 107 логопедиялық пунктте 2 577 баламен сабақ өткізіледі.

24 жалпы білім беретін мектептің жанынан 24 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 311 бала алады (Қостанай қ. №8, №17, №21, №27, №29 ОМ жанында, Рудный қ. №17, №19 ОМ, Арқалық қ. №6 ОМ,  Амангелді ауданының Б.Колдасбаев атындағы НМ, Жітіқара ауданы №12 НМ, Қарасу ОМ, Тобыл қ. №2 НМ, Меңдіқара ауданының А.Шотаев атындағы БМГ, Сарыкөл ауданы №1 Урицкий НМ, Б.Майлин атындағы НМ, Әулиекөл ауданының Н.Островский атындағы Аманқарағай НМ және Құсмұрын НМ, Денисов ауданының Перелески НМ, Лисаков қ. №1 НМ, Қарабалық ауданының М.Горький атындағы НМ, Алтынсарин ауданының Силантьев НМ, Жангелді ауданының Ы.Алтынсарин атындағы НМ, Қамысты ауданының №1 Қамысты НМ, Федоров ауданының Абай атындағы НМ).

Облыста 1 592 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2021ж. - 1870, 2022ж. - 1764, 2023ж. - 1699, 2024 ж. - 1084). Соның ішінде 1 071-і қорғаншылық пен қамқоршылықта (2021ж.-1240, 2022ж.-1198, 2023ж.-1193, 2024 ж. - ), 181 - қазақстандық азаматтардың отбасыларында патронаттық тәрбиеде (2021ж.-192, 2022ж.-185, 2023ж.-181, 2024ж. - 185), 14-і асырап алушы отбасында (2021ж.-19, 2022ж.-18, 2023ж.-17, 2024ж.-17), 326 кәмелетке толмаған жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 7 ұйымда тұрады.

Кадрлық қамтамасыз ету.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13 986 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 12 571, бұл 90%, арнайы орта – 1415, немесе 10,1%. Академиялық магистр дәрежесі бар 877 (6,3%) педагог.

Қолданыстағы формат бойынша 10 719 (77%) педагогтің біліктілік санаттары бар, «педагог-шебер» - 103 (0,96%), «педагог-зерттеуші» - 2 182 (20,35%), «педагог-сарапшы» - 3 486 (32,5%), «педагог-модератор» - 4 948 (46,1%).

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 2 495 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 1 464 (58,6%),  арнайы орта білімі бар – 1 031 (41,3%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімі бар – 1 562 (62,6%). Академиялық магистр дәрежесі 26 (1,4%) бар.

Қолданыстағы формат бойынша 1 608 (52,2%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 1 (0,04%), «педагог-зерттеуші» - 111 (3,6%), «педагог-сарапшы» - 295 (9,6%), «педагог-модератор» - 1 201 (40%).

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнаулы ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 618 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 569-да жоғары білімі бар, бұл 92%, 49-да арнайы орта білімі бар, бұл 8% құрайды. 67 (10,8%) педагогтің магистр академиялық дәрежесі бар.

Қолданыстағы формат бойынша 319 (51,6%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-мастер» - 0,  «педагог-зерттеуші» - 76 (12,3%), «педагог-сарапшы» - 70 (11,3%), «педагог-модератор» - 173 (28%).

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім кадрлармен қамтамасыз ету.

Мұғалімдердің жалпы саны 1 766, оның ішінде 1 738 (98,4%) жоғары білімді, 28 (2,59%) арнаулы орта білімді. 228 оқытушының (12,9%) академиялық магистр дәрежесі бар. Қолданыстағы формат бойынша 759 (42,9%) мұғалімнің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «шебер оқытушы» – 9 (0,4%), «педагог-зерттеуші» – 134 (7,5%), «педагог-сарапшы» – 212 (12%), «мұғалім-модератор» - 407 (23%).

Техникалық және кәсіптік білім.

Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 колледжден тұрады (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), онда 22 мыңнан астам студент (21 694 адам) оқиды.

2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 489 адам қабылданды (оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша – 1237).  2022-2023 оқу жылының ұқсас кезеңі ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 435 адам қабылданды (кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша - 717 адам).

Қазіргі уақытта 24 жатақхана жұмыс істейді (оның 22-сі мемлекеттік, 2 жекеменшік колледжерге тиесілі). Жатақханадағы орындармен 2 785 адам қамтамасыз етілген.

Құрылыс және жөндеу жұмыстары.

Бүгінгі таңда «Береке»  шағын ауданында 980 орындық мектептің құрылысы тоқтатылды (шарт бұзылды, жаңа жеткізушіні анықтау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатыр), «Қонай» шағын ауданында 900 орындық мектептің құрылысына арналған жобалық-сметалық құжаттамаға сараптама жүргізіліп жатыр.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 4 мектептің құрылысы аяқталды (Қостанай қ. «Әуежай» шағын ауданында 900 орындық және Береке шағын ауданында 1200 орындық, Арқалық қ. 300 орындық, Қостанай ауданының Заречный кентінде 900 орындық).

Сондай-ақ 2025 жылы пайдалануға берілетін 2 мектептің құрылысы жалғасып жатыр (Рудный қ. 900 орындық, Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында 300 орындық).

Объектілерді жобалау және салу бойынша Тапсырыс беруші «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

Жангелдин ауданының Көлқамыс ауылында төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 869 749,4 мың теңгеге 60 орындық мектеп салынды (пайдалануға 2025 жылғы тамыз айында беріледі) (Үкіметтің қоры).

Қостанай ауданының Еңбек ауылында 100 орындық мектеп салынып жатыр (пайдалануға 2025 жылдың сәуір айында беріледі).

Ыңғайлы және қауіпсіз оқу жағдайларын жасау мақсатында 2025 жылы 10 білім беру нысанына (7 мектеп, 3 балабақша) күрделі жөндеу жүргізуге 3,8 млрд.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 10 объектінің 6 объектісінде (Қостанай қаласының №6 бөбекжай бақшасы, Рудный қ. №8 бөбекжай бақшасы, Әулиекөл ауданының Б. Кенжетаев атындағы НМ, Б. Майлин ауданының Май ЖББМ, Қамысты ауданының № 1 Қамысты ЖББМ, Денисов ауданының Фрунзе балабақшасы). 4 жоба бойынша жазғы кезеңге жоспарланған (Жітіқара ауданының гимназиясы, Әулиекөл ауданының Диев ЖББМ, Арқалық қ. № 5 ЖББМ, Қостанай қ. № 122 ЖББМ).

Қауіпсіздік.

2025 жылы күзетті күшейтуге 3,0 млрд.аса теңге бөлінді, оның ішінде лицензиялық күзет жүйесін енгізуге – 1279,8 млн.теңге, ЖБО-ға қызмет көрсету – 491,1 млн.теңге, қауіпсіздік жүйелерге қызмет көрсету – 580,1 млн.теңге, бейнебақылау жүйесін жаңартуға (цифрлық камералар) - 730,5 млн.теңге бөлінген. Қазіргі уақытта конкурс процедуралары жүріп жатыр.

307 (100%) мектепте бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне тіркелген, 307 (100%) мектепте дабыл түймелері орнатылған, 132 (100%) мектепте лицензияланған күзет енгізілді, 132 (100%) мектепте турникеттер бар.

24 (100%) колледжде бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне тіркелген, 24 (100%) дабыл түймесі орнатылды, 23 (100%) колледжде лицензиялық күзет жүйесі енгізілді, 23 (100%) колледжде турникет бар.

22 (86%) қосымша білім беру ұйымында бейнебақылау жүйесі ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне, 22 (100%) қосымша білім беру ұйымында дабыл түймесі, 22 (100%) қосымша білім беру ұйымында лицензияланған күзет, 22 (100%) қосымша білім беру ұйымында турникет орнатылған.

Цифрландыру.

Барлық мектептердің 436-сы немесе 100% кең жолақты Интернетке қол жетімділігі бар, оның ішінде 435 мектеп немесе 99,7% Интернет желісінің жылдамдығы 20 Мбит/с жоғары, 1 білім беру ұйымында интернет жылдамдығы 20 Мбит/с төмен (1 сәуірге дейін 20-ға дейін көтеру жоспарланған).

Интернет жылдамдығын арттыру үшін 2024 жылы жергілікті бюджеттен 242,6 млн.теңге бөлінді. «Starlink» геостационарлық емес байланыс жүйесі арқылы кең жолақты интернет желісіне қол жеткізуді ұйымдастыру үшін келісім жасалды, 165 мектеп қосылды (Амангелді, Әулиекөл, Жангелдин, Жітіқара, Денисов, Қарасу, Қостанай, Қарабалық, Қамысты, Меңдіқара, Наурзум, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандары, Б.Майлин ауданы, Арқалық қ., Лисаков қ.). Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан облыстағы 17 мектепте қосу жұмыстарын осы жылдың екінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

2020 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 765 компьютер жиынтығы сатып алынды, сонымен қатар Үкімет резервінен 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника сатып алынды (жиынтықтағы 1 584 компьютер, 11 586 ноутбук, 2 052 планшет). Бұл 1 компьютерге оқушылар санын 7-ден 4-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 698 техника сатып алынды, 2022 ж. – 416, 2023 ж. – 710.

Қостанай облысы бойынша барлығы 35 мыңнан астам (35 774) компьютер техникасы бар, оның ішінде 23 108 немесе 65,6% жаңа модификациядағы компьютер және 12 666 компьютерді немесе 34,4% есептен шығару қажет.

Дата публикации
05 мая 2025