2025 жылғы 1 қаңтардағы Қостанай облысындағы демографиялық жағдай және оның этникалық құрамы туралы ақпарат

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны 825 569 адамды құрады немесе республикалық көрсеткіштің 4,1%-і (ҚР –20,3 мың адам). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда халық саны  4 415 адамға немесе 0,5%-ке қысқарды (өткен онжылдықта 56,0 мың адамға немесе 6,4%-ке төмендеді).

Облысымызда қала халқының саны басым келеді – 63,1% (521 018 адам).

Халықтың ең көп саны облыс орталығында – 272 746 адам (33,0%), ең аз саны – Науырзым ауданында 8 477 адам (1,0%) шоғырланған.

Облыс аумағында 100-ден астам ұлт пен ұлыстар тұрады. Халықтың негізгі үлесін қазақтар құрап отыр – 44,6%, орыстар – 33,5%, украиндар – 10,2%,  немістер – 3,7%, белорустар – 1,9%, татарлар – 1,7%, басқа ұлттар – 4,4%.

Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,2 адам. Қостанай, Рудный және Лисаков қалалары тығыз қоныстандырылған, ал облыстың оңтүстік аудандарында халық аз орналасқан, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,3-тен 2,4 адамды құрайды.

Дата публикации
17 апреля 2025