Облыста орман, балық және аңшылық шаруашылығын дамыту туралы
Қостанай облысы 2021-2027 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарын (бұдан әрі-жоспар) іске асыруда, ол Мемлекет басшысының алдағы 7 жылда орман қорында 2 миллиард ағаш және 2020 жылғы 1 қыркүйектегі елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы тапсырмасы шеңберінде әзірленді.
Біздің облыс үшін отырғызу көлемі - 17,2 мың га. Осы көлемді орындау үшін 113,1 млн. көшет қажет. 2024 жылы жалпы ауданы 2346,5 га: көктемде 2254,9 га, күзде 969,9 га орман отырғызылды.
Балық өсіру (акваөсіру) шаруашылығын дамыту үшін жағдай жасау мақсатында 2021 жылдан бастап Қостанай облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021 – 2023 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітіліп, іске асырылуда.
Бағдарламада 2030 жылға дейін балық өсіру (акваөсіру) өнімінің көлемін 10 241 тоннаға дейін жыл сайын арттыру жоспарланған.
Қазіргі уақытта, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын (КТБШ) жүргізу мақсатында – 62 су айдыны, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын (ТБШ) жүргізу мақсатында – 3 су айдыны, тоғанда балық өсіру шаруашылығы (ТБШ) – 1 су айдыны, сумен жабдықтайтын бекітулі қондырғы (СБҚ) орнатылған балық өсіру шаруашылығы – 1 су айдыны бекітілген.
2024 жылға тауарлы балық өсіру көрсеткіші (сазан, тұқы, көкшұбар, мөңке сияқты отырғызылатын балық түрлері) 525 тоннаны құрады, жоспар бойынша 250 тонна (210% асыра орындалды).
Жануарлар дүниесін пайдалану және аңшылықты ұйымдастыру үшін 17,432 млн.га аумақты құрайтын 109 аңшылық шаруашылығы анықталды, оның ішінде 26 аңшылық пайдаланушыға 102 бекітілген. Сонымен қатар, резервтік қорда 7 аңшылық шаруашылығы (жалпы ауданы – 927 мың га) бар, оның ішінде Б.Майлин ауданында – 2, Қамысты ауданында – 2, Жангелдин ауданында – 3.
Іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.