Білім басқармасының 2024 жылғы қараша айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты

Білім басқармасының 2024 жылғы қараша айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты

 

Білім беру саласындағы бюджет 2024 ж. - 193 642 636,1 мың.теңге, 2025 ж. - 206 088 267,3 мың.теңге құрайды.

Білім беру желісі 734 ұйымнан (654 мемлекеттік, 80 жекеменшік) құралған:                                      170 балабақша, 434 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп, 9 жекеменшік мектеп, 33 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 27 арнайы білім беру ұйымы (6 арнаулы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация), 8 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары, 48 қосымша білім беру ұйымдары (оның ішінде 1 жекеше – Балалар инклюзивті академиясы).

Мектепке дейінгі тәрбие.

2024 жылдың қараша айына облыста 170 балабақша ((2023ж.-182), оның ішінде жекеменшік – 56 (2023 ж.-67), 319 шағын орталық (2023ж.-335) және 7 жекеменшік (2023ж.- 5).

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезек 2 жастан 6 жасқа дейін 3 286 баланы құрайды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін – 1 507. Балабақшаға кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталады: Қостанай қ. – 1 417, Рудный қ. – 811, Қостанай ауданы – 264, Арқалық қ. – 309.

2 жастан 6 жасқа дейін балаларды қамту 92% құрайды.

Жалпы орта білім.

Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 454 мектептен тұрады, соның ішінде 434 (2022-2023 о.ж.-445) - күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 6 - мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы, 5 - кешкі (2022-2023 о.ж.-5), 9 - жекеменшік (2022-2023 о.ж.-9) мектеп.

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 105-і мемлекеттік тілде оқытатын, 114-і аралас мектеп.

Өңірде 276, немесе 64% (2021-2022 о.ж.-65%) шағын жинақталған мектептер басым екенін ескере отырып, оқу бағдарламаларын табысты игеру үшін бүгінгі таңда 20 ресурстық орталық жұмыс істейді, 63 ауылдық мектепке 41 қалалық мектеп патронаж жасайды.

Қосымша білім беру.

2024-2025 оқу жылында балаларды қосымша біліммен қамту 96%, немесе 107 707 баланы құрайды.

  Облыста 48 қосымша білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 47 мемлекеттік (сарайлар, үйлер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары-21, музыка мектептері-7, өнер мектептері-11, хореографиялық мектептер-1, техникалық шығармашылық мектептері-1, аула клубтары-1, оқу-әдістемелік орталықтар-1, саяжай лагерлері-3), 1 жекеменшік (Балалар инклюзивті академиясы) 32 мың баланы қамтыды.  

  3700 мектеп үйірмесі мен секцияларында 72 мыңнан астам бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады. Сонымен қатар, облыста 30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 20 мыңнан астам бала айналысады.

  Қосымша білім беруге мемлекеттік спорттық-шығармашылық тапсырыстарды орналастырудың арқасында 2,4 млрд.теңгеге 13 мыңнан астам бала (13 267) қосымша біліммен қамтылды (Damubala платфолрмасы).

Қорғаншылық және қамқоршылық және арнаулы білім беру ұйымдары.

Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 9 432 бала тұрады, оның ішінде 9 081 бала оқытуға жатады.

Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 27 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы.

1-ден 11-сыныпқа дейінгі 489 мүгедек бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды. 3 743 (2021-2022 о.ж.-4 078) бала 350 жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім берумен қамтылды.

Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР-да-99) 994 тәрбиеленуші оқиды, жалпы білім беретін мектептердің 95 арнайы сыныбында 682 оқушы арнаулы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДК-602, ББ-32, сөйлеу қабілеті бұзылған-42, көру қабілеті бұзылған-6).

Психологиялық-педагогикалық түзетудің 17 кабинетінде (ҚР-да-212) 635 балаға түзету арқылы қолдау көрсетіледі (2021-2022 о.ж.-622), жалпы білім беретін мектептер жанындағы 111 логопедиялық пунктте 2 806 баламен сабақ өткізіледі.

24 жалпы білім беретін мектеп жанынан 24 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді (Қостанай қ. №8, №17, №21, №27, №29 ОМ жанында, Рудный қ. №17, №19 ОМ, Арқалық қ. №6 ОМ,  Амангелді ауданының Б.Колдасбаев атындағы НМ, Жітіқара ауданы №12 НМ, Қарасу ОМ, Тобыл қ. №2 НМ, Меңдіқара ауданының А.Шотаев атындағы БМГ, Сарыкөл ауданы №1 Урицкий НМ, Б.Майлин атындағы НМ, Әулиекөл ауданының Н.Островский атындағы Аманқарағай НМ және Құсмұрын НМ, Денисов ауданының Перелески НМ, Лисаков қ. №1 НМ, Қарабалық ауданының М.Горький атындағы НМ, Алтынсарин ауданының Силантьев НМ, Жангелді ауданының Ы.Алтынсарин атындағы НМ, Қамысты ауданының №1 Қамысты НМ, Федоров ауданының Абай атындағы НМ).

Облыста 1 601 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2021ж.-1 870, 2022ж.-1764, 2023ж.-1699). Соның ішінде 1 093-і қорғаншылық пен қамқоршылықта (2021ж.-1240, 2022ж.-1198, 2023ж.-1193), 190 - қазақстандық азаматтардың отбасыларында патронаттық тәрбиеде (2021ж.-192, 2022ж.-185, 2023ж.-181), 14-і асырап алушы отбасында (2021ж.-19, 2022ж.-18, 2023ж.-17), 8-і жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымда, анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-299.

Кадрлық қамтамасыз ету.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13 918 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 12 674, бұл 91,7%, арнайы орта – 1312, немесе 9,4%. Академиялық магистр дәрежесі бар 877 (6,3%) педагог.

Қолданыстағы формат бойынша 10 719 (77%) педагогтің біліктілік санаттары бар, «педагог-шебер» - 101 (0,72%), «педагог-зерттеуші» - 2 184 (15,69%), «педагог-сарапшы» - 3 486 (25%), «педагог-модератор» - 4 948 (35,5%).

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 2 495 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 1 782 (50,9%),  арнайы орта білімі бар – 1 755 (56,8%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімі бар – 1 562 (62,6%). Академиялық магистр дәрежесі 26 (1,4%) бар.

Қолданыстағы формат бойынша 1 425 (57,1%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 1 (0,04%), «педагог-зерттеуші» - 80 (3,2%), «педагог-сарапшы» - 235 (9,4%), «педагог-модератор» - 1 109 (44,4%).

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнаулы ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 624 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 581-де жоғары білімі бар, бұл 93%, 43-те арнайы орта білімі бар, бұл 6,8% құрайды. 74 (11,8%) педагогтің магистр академиялық дәрежесі бар.

Қолданыстағы формат бойынша 413 (66,1%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-мастер» - 1 (0,16%),  «педагог-зерттеуші» - 85 (13,6%), «педагог-сарапшы» - 70 (11,3%), «педагог-модератор» - 257 (41,1%).

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім кадрлармен қамтамасыз ету. Мұғалімдердің жалпы саны 1 741, оның ішінде 1 656 (95%) жоғары білімді, 85 (5%) арнаулы орта білімді. 264 оқытушының (15,2%) академиялық магистр дәрежесі бар. Қолданыстағы формат бойынша 959 (55%) мұғалімнің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «шебер оқытушы» – 9 (0,5%), «педагог-зерттеуші» – 139 (8%), «педагог-сарапшы» – 268 (15,4%), «мұғалім-модератор» - 543 (31,1%).

Техникалық және кәсіптік білім.

Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 колледжден тұрады (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), онда 22 мыңнан астам студент (21 694 адам) оқиды.

2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 489 адам қабылданды (оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша – 1237).  2022-2023 оқу жылының ұқсас кезеңі ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 435 адам қабылданды (кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша - 717 адам).

Қазіргі уақытта 24 жатақхана жұмыс істейді (оның 22-сі мемлекеттік, 2 жекеменшік колледжерге тиесілі). Жатақханадағы орындармен 2 986 адам қамтамасыз етілген.

Құрылыс және жөндеу жұмыстары.

Бүгінгі таңда 1980 орындық 3 нысанның құрылысы жүргізілуде (Қостанай қаласының «Береке» шағын ауданы 980 орындық, «Қонай» шағын ауданы 900 орындық, Қостанай ауданы, Еңбек ауылы 100 орындық).

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде оқушы орындарының тапшылығын болдырмау үшін 2025 жылға дейін 4 500 орындық 6 мектеп салынуда.

6 мектептің 2-тоқсан қарсаңында Заречное ауылында 900 орындық және Арқалық қаласында 300 орындық 2 мектептің салтанатты ашылуы өтті.

Жайлы мектептер құру және жарғыларды бекіту туралы қаулылар әділет органдарында тіркеледі.

А.ж. соңына дейін 2 мектеп пайдалануға беріледі (Қостанай қ. Аэропорт ш.а. 900 орындық және Береке ш.а. 1200 орындық), 2 мектеп – 2025 жылы (Рудный қ. 900 орынға, Құсмұрын а. 300 орынға).

Нысандарды жобалау және салу бойынша тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

2022 жылғы 25 қарашада Қостанай облысының әкімдігі мен Еуразиялық Топтың Кәсіпорнымен (Eurasian Resources Group (ERG)) арасында Рудный қаласында 1200 орындық мектеп салу туралы Меморандум жасалды. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылы пайдалануға беріу мерзімімен басталады.

Ыңғайлы және қауіпсіз оқу жағдайларын жасау мақсатында 2024 жылы 4,0 млрд.теңге сомасына 13 білім беру нысанына (9 мектеп, 2 балабақша,2 колледж) күрделі жөндеу жүргзілуде. Бүгінгі күні барлық 13 нысанда (2023 жылдан бастап өтпелі жобалар: Қостанай қаласының Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ЖББМ, Қостанай қаласының №6 бөбекжай бақшасы, Арқалық қ. №10 ЖББМ, Рудный қ. №8 бөбекжай бақшасы, Қамысты ауданының Қарабатыр ЖББМ, Меңдіқара ауданының А.Шотаев атындағы БМГ, Қостанай ауданының Жданов НМ, Федоров ауданының Костряков НМ, Баннов НМ, Әулиекөл ауданының Кенжетаев атындағы НМ, Сарыкөл ауданының Барвинов НМ, Қостанай құрылыс колледжі (шеберхана), Қостанай а/ш колледжі) 9 нысанында (Қостанай қаласының Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ЖББМ, Арқалық қ. №10 ЖББМ, Қостанай ауданының Жданов НМ, Меңдіқара ауданының А.Шотаев атындағы БМГ, Федоров ауданының Костряков НМ, Баннов НМ, Қамысты ауданының Қарабатыр ЖББМ, Қостанай құрылыс колледжі (шеберхана), Қостанай а/ш колледжі) күрделі жөндеу аяқталды. 3 нысан (Әулиекөл ауданының Кенжетаев атындағы Новонежин НМ, Қостанай қаласының №6 бөбекжай бақшасы, Рудный қ. №8 бөбекжай бақшасы) екі жылдық, аяқталу мерзімі 2025 жылы.

Биыл 142 білім беру нысанына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 3,1 млрд.теңге қарастырылған.

Қауіпсіздік.

А.ж. күзетті күшейтуге 1,3 млрд.теңгеден астам бөлінді (осы жылдың мамыр айында қосымша 86,0 млн.тг.), оның ішінде лицензиялық күзет жүйесін енгізуге – 1020,5 млн.теңге, бейнебақылау жүйелерін (цифрлық камералар) жаңартуға - 105,7 млн.теңге (балабақшалар – 98,7 млн.тг., мектептер – 3,5 млн.тг., қосымша білім беру ұйымдар – 3,5 млн.тг.), дауыстық ескерту орнатуға – 90,7 млн.теңге, дабыл түймелерін орнатуға – 40,0 млн.теңге, басқару орталығындағы жүйелерге бейнебақылау орнатуға – 33,8 млн.теңге, турникет орнатуға – 3,5 млн.теңге.

80 (95%) балабақшада бейнебақылау жүйесін ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне, 81 (96%) дабыл түймесі орнатылды, 72 (96%) лицензияланған күзет енгізілді, 75 (100%) домофон жүйесі орнатылды.

235 (76%) мектепте орталық басқару орталығы мен мектеп ауданында бейнебақылау жүйесі орнатылды, 286 (93%) мектепте дабыл түймесі орнатылды, 126 (94%) лицензиялық күзет жүйесі, 134 мектепте (100%) турникеттер бар.

24 (100%) колледжде орталық диспетчерлік орталық пен тұрақты токқа бейнебақылау жүйесі орнатылды, 24 (100%) дабыл түймесі орнатылды, 23 (100%) лицензиялық күзет жүйесі енгізілді, 24 (100%) турникет бар.

19 (86%) қосымша білім беру ұйымдарында бейнебақылау жүйесін ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне, 20 (91%) дабыл түймесі, 19 (86%) лицензияланған күзет, 21 (95%) турникет орнатылған.

Цифрландыру.

Барлық мектептердің 433-і, немесе 100% кең жолақты Интернетке қол жетімділігі бар, оның ішінде 426, немесе 98,6% ауылдық мектептердің Интернет желісінің жылдамдығы 20 Мбит/с төмен емес (шекарада 6).

Интернет жылдамдығын арттыру үшін 2024 жылы жергілікті бюджеттен 242,6 млн.теңге бөлінді. «Starlink» геостационарлық емес байланыс жүйесі арқылы кең жолақты интернет желісіне қол жеткізуді ұйымдастыру үшін келісім жасалды, 165 мектеп қосылды (Амангелді, Әулиекөл, Жангелді, Жітіқара, Денисов, Қарасу, Қостанай, Қарабалық, Қамысты, Меңдіқара, Наурзум, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандары, Б.Майлин ауданы, Арқалық қ., Лисаков қ.). Ресей Федерациясымен шекаралас аймақта орналасқан облыстағы 17 мектепте қосу жұмыстарын а.ж. екінші жартыжылдығында аяқтау жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

2020 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 765 компьютер жиынтығы сатып алынды, сонымен қатар Үкімет резервінен 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника сатып алынды (жиынтықтағы компьютер – 1 584, ноутбуктер – 11 586, планшеттер-2 052). Бұл 1 компьютерге оқушылар санын 7-ден 4-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 698 техника сатып алынды, 2022 ж. – 416, 2023 ж. – 710.

Қостанай облысы бойынша барлығы 35 мыңнан астам (35 774) компьютер техникасы, оның ішінде 23 108, немесе 65,6% жаңа модификациядағы компьютер және 12 666, немесе 34,4% компьютерді есептен шығару талап етіледі.

 

Дата публикации
12 ноября 2024