Облыста 33 колледж жұмыс істейді, контингенті 21 мың адам (21 694), мемлекеттік тапсырыс бойынша, яғни бюджеттік негізде 18 928 адам немесе 87,2% білім алуда. Колледждерде оқыту 90-наң астам мамандық бойынша келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: ауыл шаруашылығы, құрылыс, педагогика, медицина, қызмет көрсету саласы, өнер және мәдениет мамандықтары, машина жасау және т. б.
2024-2025 оқу жылына қабылдау облыста кадрлардың өңірлік қажеттілігін ескере отырып, 6 489 адамды құрады, оның ішінде өңірдің кәсіпорындарынан нысаналы тапсырыс бойынша қабылдау 1237 адамды құрады (нысаналы мемлекеттік тапсырыс –бұл бітірушіні міндетті жұмысқа орналастырумен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша мемлекеттік тапсырыс).
ТжКББ ұйымында оқу үшін тұлғалардың өтініштерін қабылдау, бұл мемлекеттік қызмет болғандықтан, Егов.кз электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады және талапкер тікелей колледжге келіп Азамат АЖ арқылы құжаттарды тапсыра алады:
Құжаттарды қабылдау мерзімі: қабылдау комиссиялары өз жұмысын бастады, ал құжаттарды қабылдау биыл 20 маусымнан басталады.
- жұмысшы мамандықтарына - 20 маусымнан 25 тамызға дейін
- орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарына 20 маусымнан 18 тамызға дейін 9-сынып базасында, 20 маусымнан 20 тамызға дейін 11-сынып және ТжКББ базасында,
шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша – 20 маусымнан 20 шілдеге дейін,
педагогикалық, медициналық мамандықтар бойынша - 20 маусымнан 15 тамызға дейін.
Педагогикалық, медициналық мамандықтар мен арнайы және/немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарды қоспағанда, колледждерге түсу емтихандары тоқтатылды.
Электр газбен дәнекерлеуші, тракторшы, құрылысшы, кран машинисі, автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесарь, шаштараз сияқты жұмысшы мамандықтарға талапкерлер конкурссыз, әңгімелесу нәтижелері бойынша оқуға түседі, орта буын - бұл мұғалім, медбике, технолог, агроном, ветеринарлық фельдшер, бағдарламалық жасақтама жасаушылар сияқты мамандықтарға түсу конкурстық негізде өтеді, онда талапкер 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдай алады. Орта буын маманына арналған конкурс тамыз айының соңында өтеді, сертификаттың орташа балы бойынша жүйе рейтинг жүргізіледі, сондықтан тамыз айына дейін кез-келген күні құжаттарды тапсыра аласыз, оны қабылдаудың алғашқы күндерінде жасаудың қажеті жоқ.
Колледждерге түсу кезінде талапкерлер үшін қабылдау квоталары (9) бар:
1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек - балалар -1 пайыз;
2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар - 0,5 пайыз;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл жастарының арасынан азаматтар - 35 пайыз;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар - 4 пайыз;
5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары - 1 пайыз;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары - 5 пайыз;
7) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар - 5 пайыз;
8) толық емес отбасылар санатындағы, осы мәртебесі кемінде үш жыл қатарындағы балалар -1 пайыз;
9) бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер - 1 пайыз.
Түсу үшін құжаттарды кәмелетке толғандар жеке, кәмелетке толмағандар заңды өкілінің қатысуымен ұсынады.
Қабылдауға арналған құжаттар:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) өлшемі 3х4 см, 4 дана фотосурет;
4) № 075-У нысанындағы медициналық анықтама (тіркелген жері бойынша –тегін алынады)
- І және II топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы,
5) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі:
колледж: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіні қоса алғанда, қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
портал: тәулік бойы.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап колледж студенттеріне арналған стипендия орта буын мамандықтары бойынша 50% - ға артты, 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап - 41 896 теңгені құрады, ал жұмысшы біліктілігі бойынша 2024 жылы стипендия 43 574 теңгеге дейін ұлғайды.