2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны 829 984 адамды құрады немесе республикалық көрсеткіштің 4,1%-і (ҚР – 20,0 мың адам). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда халық саны 2 250 адамға немесе 0,3%-ке қысқарды (өткен онжылдықта 51,0 мың адамға төмендеді немесе 5,8%).
Облысымызда қала халқының саны басым келеді – 62,4% (517 698 адам).
Халықтың ең көп саны облыс орталығында – 268 164 адам (32,3%), ең аз саны – Науырзым ауданында 8 877 адам (1,1%).
Облыс аумағында 100-ден астам ұлт пен ұлыстар тұрады. Халықтың негізгі үлесін қазақтар құрап отыр – 44,6%, орыстар – 33,5%, украиндар – 10,3%, немістер – 3,7%, белорустар – 1,9%, татарлар – 1,7%, басқа ұлттар – 4,3%.
Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,2 адам. Қостанай, Рудный және Лисаков қалалары тығыз қоныстандырылған, ал облыстың оңтүстік аудандарында халық аз орналасқан, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,3-тен 2,5 адамды құрайды.