Білім басқармасының 2024 жылғы сәуір айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты
Білім беру саласындағы бюджет 2024 ж. - 193 642 636,1 мың.теңге, 2025 ж. - 206 088 267,3 мың.теңге құрайды.
Білім беру желісі 816 ұйымнан (729 мемлекеттік, 88 жекеменшік) құралған: 180 балабақша, оның ішінде 66 жекеменшік, 5 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 445 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп; 9 жекеменшік мектеп (мемлекеттік емес), 33 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 26 арнайы білім беру ұйымы (6 арнаулы мектеп және мектеп-интернат, 16 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация), 47 қосымша білім беру ұйымдары (оның ішінде 1 жекеше – Балалар инклюзивті академиясы).
Мектепке дейінгі тәрбие.
2024 жылдың сәуір айына облыста 180 балабақша ((2023ж.4 тоқсанда – 184), оның ішінде жекеменшік – 66 (2023 ж.-68), 333 шағын орталық (2023ж.-350) және 4 жекеменшік (2023ж.- 5).
Мектепке дейінгі ұйымдарға кезек 2 жастан 6 жасқа дейін 3 670 баланы құрайды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін – 1 567. Балабақшаға кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталады: Қостанай қ. – 1390, Рудный қ. – 905, Қостанай ауданы – 540, Жітіқара ауданы – 131, Арқалық қ. – 249.
Жалпы орта білім.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 465 мектептен тұрады, соның ішінде 445 (2022-2023 о.ж.-455) - күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 6 - мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы, 5 - кешкі (2022-2023 о.ж.-5), 9 - жекеменшік (2022-2023 о.ж.-9) мектеп.
Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 108-і мемлекеттік тілде оқытатын, 115-і аралас мектеп.
Өңірде 288, немесе 65% (2021-2022 о.ж.-66,5%) шағын жинақталған мектептер басым екенін ескере отырып, оқу бағдарламаларын табысты игеру үшін бүгінгі таңда 20 ресурстық орталық жұмыс істейді, 63 ауылдық мектепке 41 қалалық мектеп патронаж жасайды.
Қосымша білім беру.
Оқу жылының басында балаларды қосымша біліммен қамту 83,1%, немесе 95 807 баланы (қайталанбастан) құрайды.
46 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымында 38 249, немесе 33,1% бала қосымша біліммен қамтылған.
3900 мектеп үйірмесі мен секцияларында 68 мыңнан астам бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады. Сонымен қатар, облыста 30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 21 мыңнан астам бала айналысады.
Білім беру саласында 50 млн.теңге сомасына 372 орынға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы жарияланды, бірақ іске асырылмады (Жеткізушілердің жоқтығына байланысты).
Қорғаншылық және қамқоршылық және арнаулы білім беру ұйымдары.
Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 9 793 бала тұрады, оның ішінде 9 452 бала оқытуға жатады.
Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 26 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 16 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы.
1-ден 11-сыныпқа дейінгі 506 мүгедек бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды. 3 912 (2021-2022 о.ж.-4 078) бала 360 жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім берумен қамтылды.
Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР-да-99) 888 тәрбиеленуші оқиды, жалпы білім беретін мектептердің 92 арнайы сыныбында 687 оқушы арнаулы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДК-613, ББ-35, сөйлеу қабілеті бұзылған-34, көру қабілеті бұзылған-5).
Психологиялық-педагогикалық түзетудің 16 кабинетінде (ҚР-да-212) 625 балаға түзету арқылы қолдау көрсетіледі (2021-2022 о.ж.-622), жалпы білім беретін мектептер жанындағы 111 логопедиялық пунктте 2 806 баламен сабақ өткізіледі.
20 жалпы білім беретін мектеп жанынан 20 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді (Қостанай қ. №8, №17, №21, №27, №29 ОМ жанында, Рудный қ. №17, №19 ОМ, Арқалық қ. №6 ОМ, Амангелді ауданының Б.Колдасбаев атындағы НМ, Жітіқара ауданы №12 НМ, Қарасу ОМ, Тобыл қ. №2 НМ, Меңдіқара ауданының А.Шотаев атындағы БМГ, Сарыкөл ауданы №1 Урицкий НМ, Б.Майлин атындағы НМ, Әулиекөл ауданының Н.Островский атындағы Аманқарағай НМ, Денисов ауданының Перелески НМ, Лисаков қ. №1 НМ, Қарабалық ауданының М.Горький атындағы НМ, Алтынсарин ауданының Силантьев НМ).
Облыста 1 637 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2021ж.-1 870, 2022ж.-1764, 2023ж.-1699). Соның ішінде 1 123-і қорғаншылық пен қамқоршылықта (2021ж.-1240, 2022ж.-1198, 2023ж.-1193), 189-ы Қазақстан азаматтарының отбасыларында патронаттық тәрбиеде (2021ж.-192, 2022ж.-185, 2023ж.-181), 15-і асырап алушы отбасында (2021ж.-19, 2022ж.-18, 2023ж.-17), 8-і жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымда, анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-310.
Кадрлық қамтамасыз ету.
Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13 986 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 12 674, бұл 90,6%, арнайы орта – 1312, немесе 9,4%, орта – 877 (6,3%) педагогтің академиялық магистр дәрежесі бар.
Қолданыстағы формат бойынша 9303 (66,52%) педагогтің біліктілік санаттары бар, («педагог-шебер» - 91 (0,65%), «педагог-зерттеуші» - 2191 (15,67%), «педагог-сарапшы» - 3 274 (23,4%), «педагог-модератор» - 3 747 (26,8%)).
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3 537 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 1 782 (50%), арнайы орта білімі бар – 1 003 (50%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімі бар – 2 052 (56,8 %). Академиялық магистр дәрежесі 26 (0,7%) бар.
Қолданыстағы формат бойынша 1 223 (34,58%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 3 (0,08%), «педагог-зерттеуші» - 105 (2,97%), «педагог-сарапшы» - 244 (6,9%), «педагог-модератор» - 871 (24,63%).
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнаулы ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 618 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 569-да жоғары білімі бар, бұл 92%, 49-нда арнайы орта білімі бар, бұл 8% құрайды. 67 (10,84%) педагогтің магистр академиялық дәрежесі бар.
Қолданыстағы формат бойынша 319 (51,6%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-мастер» - 0, «педагог-зерттеуші» - 76 (12,3%), «педагог-сарапшы» - 70 (11,3%), «педагог-модератор» - 173 (28%).
Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім кадрлармен қамтамасыз ету. Мұғалімдердің жалпы саны 1 790, оның ішінде 1 728 (96,14%) жоғары білімді, 62 (3,59%) арнаулы орта білімді. 293 оқытушының (17,23%) академиялық магистр дәрежесі бар. Қолданыстағы формат бойынша 718 (42,21%) мұғалімнің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «шебер оқытушы» – 9 (0,5%), «педагог-зерттеуші» – 136 (8%), «педагог-сарапшы» – 208 (12,23%), «мұғалім-модератор» - 365 (21,46%).
Техникалық және кәсіптік білім.
Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 колледжден тұрады (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), онда 22 мыңнан астам студент (22 208 адам) оқиды.
2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 435 адам қабылданды (оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша – 717). 2022-2023 оқу жылының ұқсас кезеңі ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 6 134 адам қабылданды (кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша - 687 адам)
Қазіргі уақытта 24 жатақхана жұмыс істейді (оның 22-сі мемлекеттік, 2 жекеменшік колледжерге тиесілі). Жатақханадағы орындармен 2326 адам қамтамасыз етілген.
Құрылыс және жөндеу жұмыстары.
Бүгінгі таңда 1980 орындық 3 нысанның құрылысы жүргізілуде (Қостанай қаласының «Береке» шағын ауданы 980 орындық, «Қонай» шағын ауданы 900 орындық, Қостанай ауданы, Еңбек ауылы 100 орындық).
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде оқушы орындарының тапшылығын болдырмау үшін 2025 жылға дейін 6 300 орындық 8 мектеп салу жоспарланған (болжамды сомасы 37,2 млрд.тг.).
Оның ішінде 2023 жылы пайдалануға беру мерзімі 2024 жылы 4500 орындық 6 мектептің құрылысы басталды (Қостанай қаласының Береке-2 шағын ауданы - 1200 орындық, Қостанай қаласының Аэропорт шағын ауданы 900 орындық, Рудный қаласы 900 орындық, Қостанай ауданы Заречный кенті 900 орындық, Арқалық қаласы 300 орындық, Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылы 300 орындық), 2024 жылға 2025 жылы пайдалануға беру мерзімімен 1800 орындық 2 мектеп салу жоспарланған (Қостанай қ. Қонай шағын ауданы - 600 орындық, Тобыл қ. - 1200 орындық).
Объектілерді жобалау және салу бойынша тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.
2024 жылы пайдалануға берілетін 6 мектеп бойынша жер учаскелерін ресімдеу аяқталды, жобалау және құрылыс бойынша кешенді жұмыстар шарттары жасалды, жалпы сомасы 26 289,0 млн.теңге.
2023-2025 жылдарға арналған мектеп құрылысын іске асыру жоспары:
2023-2024 жылдары - 4500 орындық 6 мектеп (Қостанай қаласында Береке-2 шағын ауданы -1200 орындық, Аэропорт шағын ауданы 900 орындық, Арқалық қ. 300 орындық, Құсмұрын к. 300 орындық, Заречный к. 900 орындық, Рудный қ. 900 орындық);
2024-2025 жылдары - 1800 орындық 2 мектеп (Қостанай қаласында Қонай-2 шағын ауданы -600 орындық, Тобыл қаласында 1200 орындық).
Ыңғайлы және қауіпсіз оқу жағдайларын жасау мақсатында 2024 жылы 3,6 млрд.теңге сомасына 11 білім беру объектісіне (9 мектеп, 2 балабақша) күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 11 объектіден 9 объект бойынша шарттар жасалған (2023 жылғы жобалар: Қостанай қаласының Ғ.Қайырбеков атындағы №9 ЖББМ, Қостанай қаласының №6 бөбекжай бақшасы, Арқалық қ. №10 ЖББМ, Рудный қ. №8 бөбекжай бақшасы, Қамысты ауданының Қарабатыр ЖББМ, Қостанай ауданының Жданов ЖББМ, Федоров ауданының Костряков ЖББМ), 2 объект бойынша конкурс рәсімдері жүріп жатыр.
106 білім беру объектісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін биыл 2,9 млрд.тенге қарастырылған.
Қауіпсіздік.
Білім беру ұйымдарын (балабақшалар, мектептер, колледждер) техникалық қауіпсіздік құралдармен жабдықтау мәселесі ерекше бақыланады. Биыл қауіпсіздікті күшейту іс-шараларына 1,0 млрд.теңге бөлінген, оның ішінде лицензияланған күзет енгізуге – 870,0 млн.теңге, бейнебақылау жүйесін жаңартуға (цифрлық камералар) – 102,2 млн.теңге (балабақшаларға – 98,7 млн.тг., мектептер – 3,5 млн.тг.), дыбыстық, сөйлеу құрылғысын орнатуға – 72,6 млн.теңге бөлінген.
Бүгінгі таңда облыстың білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйесімен 100% жабдықталған (барлығы 13 551 камера, оның ішінде аналогты – 9 255 камера, цифрлық – 4 296). Облыс мектептерінде ескірген бейнебақылау жүйесін жаңарту үшін осы жылдың 29 қаңтарында облыс мектептерінде аналогты камераларды цифрлық камераларға ауыстыруға бюджеттік өтінім (667,7 млн.тг.) жіберілді. Алайда облыстық бюджет комиссиясының шешімі бойынша ақша бөлу мәселесі құпталмады. Осыған байланысты бюджеттік өтінім (633,7 млн.тг.) қайта жіберілді (02.04.2024 ж.).
ҚР ОАМ 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына енгізілетін өзгерістерді ескере отырып балабақшалар, мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарын қосымша жабдықтау қажет. 146 объектіде (8 балабақша, 107 мектеп, 3 арнайы ұйым, 28 қосымша білім бепу ұйымы) бейнебақылау жүйесін ЖБО-ға және кезекші бөлімдеріне қосу қажет. 129 объектіде (7 балабақша, 103 мектеп, 19 қосымша білім беру ұйымы) дабыл батырмаларын, 173 объектіде (24 балабақша, 123 мектеп, 4 арнайы ұйым, 22 қосымша білім беру ұйымы) дыбыстық, сөйлеп тарату құрылғыларын орнату қажет. 104 объектіде (27 балабақша, 33 мектеп, 6 арнайы қосымша білім беру ұйымы, 38 қосымша білім беру ұйымы) лицензияланған күзет енгізу қажет. 42 объектіде (4 мектеп, 5 арнайы ұйым, 33 қосымша білім беру ұйымы) турникеттер, 75 балабақшада домофон жүйесін орнату қажет. Бүгінгі таңда бюджетті нақтылауға жіберілетін бюджеттік өтінім әзірленіп жатыр.
Цифрландыру.
Барлық мектептердің 445-і, немесе 100% кең жолақты Интернетке қол жетімділігі бар, оның ішінде 351, немесе 98,1% ауылдық мектептердің Интернет желісінің жылдамдығы 8 Мбит/сек, 10-нан аса, немесе 2,2% - 4 Мбит/сек (Амангелді ауданы – 3, Жітіқара ауданы – 1, Меңдіқара ауданы – 1, Сарыкөл ауданы – 2, Ұзынкөл ауданы - 3).
Қалалық мектептердің 86, немесе 98,8 % интернет желісінің жылдамдығы 20 Мбит/сек және одан жоғары және 1 қалалық мектеп 20 Мбит/сек интернеті бар (Лисаков қ. -1).
2020 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 765 компьютер жиынтығы сатып алынды, сонымен қатар Үкімет резервінен 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника сатып алынды (жиынтықтағы компьютер – 1 584, ноутбуктер – 11 586, планшеттер-2 052). Бұл 1 компьютерге оқушылар санын 7-ден 4-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2021 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2698 техника сатып алынды, 2022 ж. – 416, 2023 ж. – 710.
Қостанай облысы бойынша барлығы 35 мыңнан астам (35 647) компьютер техникасы, оның ішінде 23022, немесе 64,6% жаңа модификациядағы компьютер және 12625, немесе 35,4% компьютерді есептен шығару талап етіледі. Компьютер техникасын пайдалану мерзімі 5 жыл. Нәтижесінде, есептен шығарылатын ескірген компьютер техниканың саны және 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны әр жыл сайын артып келеді. Сонымен, 2024 жылдың сәуір айының соңында есептен шығарылатын компьютерлер саны 12625-ке дейін артты, ал 1 компьютерге оқушылар саны 5-ке дейін артты.