Білім басқармасының 2024 жылғы ақпан айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты

Білім басқармасының 2024 жылғы ақпан айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты

 

Білім беру саласындағы бюджет 2024 ж. - 193 642 636,1 мың.теңге, 2025 ж. - 206 088 267,3 мың.теңге құрайды.

Білім беру желісі 817 ұйымнан (729 мемлекеттік, 88 жекеменшік) құралған:                                      181 балабақша, оның ішінде 66 жекеменшік, 5 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 445 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп; 9 жекеменшік мектеп (мемлекеттік емес), 33 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 26 арнайы білім беру ұйымы (6 арнаулы мектеп және мектеп-интернат, 16 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация), 47 қосымша білім беру ұйымдары (оның ішінде 1 жекеше – Балалар инклюзивті академиясы).

Мектепке дейінгі тәрбие.

2024 жылдың ақпан айына облыста 181 балабақша ((2023ж.4 тоқсанда – 184), оның ішінде жекеменшік – 66 (2023 ж.-68), 334 шағын орталық (2023ж.-350) және 5 жекеменшік (2023ж.- 5).

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезек 2 жастан 6 жасқа дейін 3 247 баланы құрайды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін – 1 430. Балабақшаға кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталады: Қостанай қ. – 1200, Рудный қ. – 767, Қостанай ауданы – 515, Жітіқара ауданы – 118, Арқалық қ. – 227.

Жалпы орта білім.

Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 465 мектептен тұрады, соның ішінде 445 (2022-2023 о.ж.-455) - күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 6 - мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы, 5 - кешкі (2022-2023 о.ж.-5), 9 - жекеменшік (2022-2023 о.ж.-8) мектеп.

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 108-і мемлекеттік тілде оқытатын, 115-і аралас мектеп.

Өңірде 288, немесе 65% (2021-2022 о.ж.-66,5%) шағын жинақталған мектептер басым екенін ескере отырып, оқу бағдарламаларын табысты игеру үшін бүгінгі таңда 20 ресурстық орталық жұмыс істейді, 63 ауылдық мектептерден астам 41 қалалық мектептерге патронаж ұйымдастырылды.

Қосымша білім беру.

Оқу жылының басында балаларды қосымша біліммен қамту 79,1%, немесе 89 176  баланы (қайталанбастан) құрайды. «Білімді ұлт» ұлттық жобасы бойынша жоспарлы көрсеткіш – 81,05 %.  

  46 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарында 36 990, немесе 32,4% бала қосымша біліммен қамтылған.  

3 900 мектеп үйірмелері мен секцияларында 68 мыңнан астам бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады. Сонымен қатар, облыста 30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 21 мыңнан астам бала айналысады.

Білім беру саласында 50 млн.теңге сомасына 372 орынға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы жарияланды, бірақ орналастырылмады (Жеткізушілердің жоқтығына байланысты).

Қорғаншылық және қамқоршылық және арнаулы білім беру ұйымдары.

Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 9 793 бала тұрады, оның ішінде 9 452 бала оқытуға жатады.

Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 26 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 16 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы.

1-ден 11-сыныпқа дейінгі 506 мүгедек бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды. 3 912 (2021-2022 о.ж.-4 078) бала 360 жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім берумен қамтылды.

Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР-да-98) 888 тәрбиеленуші оқиды, жалпы білім беретін мектептердің 92 арнайы сыныбында 687 оқушы арнаулы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДК-613, ББ-35, сөйлеу қабілеті бұзылған-34, көру қабілеті бұзылған-5).

Психологиялық-педагогикалық түзетудің 16 кабинетінде (ҚР-да-212) 625 балаға түзету арқылы қолдау көрсетіледі (2021-2022 о.ж.-622), жалпы білім беретін мектептер жанындағы 111 логопедиялық пункттерде 2 806 баламен сабақ өткізіледі.

20 жалпы білім беретін мектеп жанынан 20 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді (Қостанай қ. №8, №17, №21, №27, №29 ОМ жанында, Рудный қ. №17, №19 ОМ, Арқалық қ. №6 ОМ,  Амангелді ауданының Б.Колдасбаев атындағы НМ, Жітіқара ауданы №12 НМ, Қарасу ОМ, Тобыл қ. №2 НМ, Меңдіқара ауданының А.Шотаев атындағы БМГ, Сарыкөл ауданы №1 Урицкий НМ, Б.Майлин атындағы НМ, Әулиекөл ауданының Н.Островский атындағы Аманқарағай НМ, Денисов ауданының Перелески НМ, Лисаков қ. №1 НМ, Қарабалық ауданының М.Горький атындағы НМ, Алтынсарин ауданының Силантьев НМ).

Облыста 1 637 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2021ж.-1 870, 2022ж.-1764, 2023ж.-1699). Соның ішінде 1 123-і қорғаншылық пен қамқоршылықта (2021ж.-1240, 2022ж.-1198, 2023ж.-1193), 189-ы Қазақстан азаматтарының отбасыларында патронаттық тәрбиеде (2021ж.-192, 2022ж.-185, 2023ж.-181), 15-і асырап алушы отбасында (2021ж.-19, 2022ж.-18, 2023ж.-17), 8-і жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымда, анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-310.

Кадрлық қамтамасыз ету.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13 986 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 12 674, бұл 90,6%, арнайы орта – 1312, немесе 9,4%, орта – 0, Академиялық магистр дәрежесіне 877 (6,3%) ие.

Қолданыстағы формат бойынша 9 303 (66,52%) педагогтің біліктілік санаттары бар, («педагог-шебер» - 91 (0,65%), «педагог-зерттеуші» - 2 191 (15,67%), «педагог-сарапшы» - 3 274 (23,4%), «педагог-модератор» - 3 747 (26,8%)).

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3 537 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 1 782 (50%),  арнайы орта білімі бар – 1 003 (50%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімі бар – 2 052 (56,8 %). Академиялық магистр дәрежесі 26 (0,7%) бар.

Қолданыстағы формат бойынша 1 223 (34,58%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 3 (0,08%), «педагог-зерттеуші» - 105 (2,97%), «педагог-сарапшы» - 244 (6,9%), «педагог-модератор» - 871 (24,63%).

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнаулы ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 618 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 569-да жоғары білімі бар, бұл 92%, 49-нда арнайы орта білімі бар, бұл 8% құрайды. 67 (10,84%) педагогтің магистр академиялық дәрежесі бар.

Қолданыстағы формат бойынша 319 (51,6%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-мастер»-0,  «педагог-зерттеуші» - 76 (12,3%), «педагог-сарапшы» - 70 (11,3%), «педагог-модератор» - 173 (28%).

Техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім кадрлармен қамтамасыз ету. Мұғалімдердің жалпы саны 1 790, оның ішінде 1 728 (96,14%) жоғары білімді, 62 (3,59%) арнаулы орта білімді. 293 оқытушының (17,23%) академиялық магистр дәрежесі бар. Қолданыстағы формат бойынша 718 (42,21%) мұғалімнің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «шебер оқытушы» – 9 (0,5%), «педагог-зерттеуші» – 136 (8%), «педагог-сарапшы» – 208 (12,23%), «мұғалім-модератор» - 365 (21,46%).

Техникалық және кәсіптік білім.

Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 колледжден тұрады (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), онда 22 мыңнан астам студент (22 208 адам) оқиды.

2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау 6 435 адамды құрады (оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша – 717).  2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 6 134 адамды құрады (кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша - 687 адам)

Қазіргі уақытта 24 жатақхана жұмыс істейді (оның 22-сі мемлекеттік, 2 жекеменшік колледжерге тиесілі). Жатақханадағы орындармен қамтамасыз етілген студенттерді жалпы қамту 3 166, немесе 95% адамды құрайды.

Құрылыс және жөндеу жұмыстары.

Бүгінгі таңда 1980 орындық 3 нысанның құрылысы жүргізілуде (Қостанай қаласының «Береке» шағын ауданы 980 орындық, «Қонай» шағын ауданы 900 орындық, Қостанай ауданы, Еңбек ауылы 100 орындық).

        Сонымен қатар, Қостанай облысының әкімдігі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне 2 мектепті қаржыландыру қажеттілігі туралы негіздеме жолдады: Қарабалық ауданының Гурьянов ауылында 100 орындық және Қостанай ауданының Еңбек ауылында 100 орындық және Қостанай қаласының «Береке» шағын ауданында 980 орындық 1 мектептің құрылысын аяқтау. Осылайша, барлығы 3 жоба жіберілді.

        Жалпы сомасы 2 435,0 млн.теңгеге 2 жобаны іске асыруға бюджеттік өтінімдер мақұлданды (Қостанай ауданының Еңбек ауылында - 1 131,06 млн.тг., Қостанай қаласының «Береке» шағын ауданында - 1 303,93 млн.тг.) және қазынашылықтағы арнайы шотқа ақшалай қаражат аударылды. Алайда, Береке шағын ауданындағы мектептердің салу жобасының 1,1 млрд.теңгеге қымбаттауы орын алды. Осыған байланысты құрылыстың аяқталу мерзімі 2024 жылдың 1 жартыжылдығы.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде оқушы орындарының тапшылығын болдырмау үшін 2025 жылға дейін 6 300 орындық 8 мектеп салу жоспарланған (болжамды сомасы 37,2 млрд.тг.).

        Оның ішінде 2023 жылы пайдалануға беру мерзімі 2024 жылы 4500 орындық 6 мектептің құрылысы басталды (Қостанай қаласының Береке-2 шағын ауданы - 1200 орындық, Қостанай қаласының Аэропорт шағын ауданы 900 орындық, Рудный қаласы 900 орындық, Қостанай ауданы Заречный кенті 900 орындық, Арқалық қаласы 300 орындық, Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылы 300 орындық), 2024 жылға 2025 жылы пайдалануға беру мерзімімен 1800 орындық 2 мектеп салу жоспарланған (Қостанай қ. Қонай шағын ауданы - 600 орындық, Тобыл қ. - 1200 орындық).

        Объектілерді жобалау және салу бойынша Тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

2024 жылы пайдалануға беру мерзімімен 6 мектеп бойынша жер учаскелерін ресімдеу аяқталды, жобалау және құрылыс бойынша кешенді жұмыстар шарттары жасалды (2024 жылғы 22 мамырда 1 мектеп бойынша, 2024 жылғы 11 тамызда 3 мектеп бойынша, 2024 жылғы 17 тамызда 2 мектеп бойынша) жалпы сомасы 26 289,0 млн.теңге.

2023-2025 жылдарға арналған мектеп құрылысын іске асыру жоспары:

2023-2024 жылдары - 4500 орындық 6 мектеп (Қостанай қаласында Береке-2 шағын ауданы -1200 орындық, Аэропорт шағын ауданы 900 орындық, Арқалық қ. 300 орындық, Құсмұрын к. 300 орындық, Заречный к. 900 орындық, Рудный қ. 900 орындық);

2024-2025 жылдары - 1800 орындық 2 мектеп (Қостанай қаласында Қонай-2 шағын ауданы -600 орындық, Тобыл қаласында 1200 орындық).

Ыңғайлы және қауіпсіз оқу жағдайларын жасау мақсатында 2024 жылы 3,7 млрд.теңге сомасына 11 білім беру объектісіне (Әулиекөл ауданының Новонежин мектебі, Федоров ауданының Баннов ЖББМ, Костряков ЖББМ, Меңдіқара ауданының А.Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы, Қостанай ауданының Жданов ЖББМ, Сарыкөл ауданының Барвинов ЖББМ, Рудный қаласының Б/б №8, Қостанай қаласының №9 ЖББМ, Б/б №6, Қамысты ауданының Қарабатыр ЖББМ, Арқалық қаласының №10 ЖББМ) күрделі жөндеу жүргізілуі жоспарда (оның ішінде 9 мектеп, 2 балабақша).

  106 нысанға ағымдағы жөндеулерге 2,6 млрд.тенге қарастырылған.

Қауіпсіздік.

Бүгін облыстың білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтылған. 

Террористік тұрғыдан осал 252 объектіде, немесе 100% дабыл түймелері орнатылған (оның ішінде 75 балабақша, 152 мектеп, 7 арнайы ұйым, 25 колледж).

Террористік тұрғыдан осал 257 объектіде, немесе 99% полиция бөлімінің жедел басқару орталықтарына және кезекші бөлімдеріне қосылған (УТО 257 объекті, оның ішінде 75 балабақша, 150 мектеп, 7 арнайы ұйым, 25 колледж). Бұдан бөлек техникалық себептерге байланысты Жедел басқару орталықтарына қосылу мүмкіндігі жоқ білім беру объектілері бар (Әулиекөл ауданының 2 мектебі, Аманқарағай кенті).

ТТО 171 объектіде, немесе 100%-да лицензияланған күзет енгізілді (оның ішінде 49 балабақша,  105 мектеп, 17 колледж). Осы мақсатта а.ж. 870,0 млн.теңге бөлінді.

Терроризмге бейім барлық мектептер мен колледждерде турникеттер орнатылған (93 мектеп, 17 колледж).

Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ облыста 9 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 5 мектеп террористік тұрғыдан осал объект болып табылады. Барлық мектептер бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Жедел басқару орталықтарына 2 (40%) мектеп қосылған, дабыл түймесі 4 (80%) мектепте орнатылған, лицензияланған күзет 2 (40%) мектепте енгізілген.

66 жекеменшік балабақша, оның ішінде 37 балабақша террористік тұрғыдан осал болып табылады. Барлық балабақшада бейнебақылау камералары орнатылған. 20 (54%) балабақша жедел басқару орталықтарына қосылған, 32 (91%) балабақшада дабыл түймелері орнатылған.

7 жекеменшік колледжі, оның ішінде 7 террористік тұрғыдан осал объектісі болып табылады. Барлық колледжде бейнебақылау камералары орнатылған. 6 (86%) колледж жедел басқару орталықтарына қосылған, 6 (86%) колледжде дабыл түймелері орнатылып, 4 (57%) колледжде лицензияланған күзет енгізілді.

Цифрландыру.

Барлық мектептердің 445-і, немесе 100% кең жолақты Интернетке қол жетімділігі бар, оның ішінде 351, немесе 98,1% ауылдық мектептердің Интернет желісінің жылдамдығы 8 Мбит/сек, 7-ден аса, немесе 1,9% - 4 Мбит/сек (Амангелді ауданы – 3,  Жітіқара ауданы – 1, Меңдіқара ауданы – 1, Сарыкөл ауданы – 2).

Қалалық мектептердің 86, немесе 98,8 % интернет желісінің жылдамдығы 20 Мбит/сек және одан жоғары және 1 қалалық мектеп 20 Мбит/сек интернеті бар (Лисаков қ. -1).

2020 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 765 компьютерлік техника жиынтығы сатып алынды, сонымен қатар Үкімет резервінен 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника сатып алынды (жиынтықтағы компьютер – 1 584, ноутбуктер – 11 586, планшеттер-2 052). Бұл 1 компьютерге оқушылар санын 7-ден 4-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Қостанай облысы бойынша барлығы 33 мыңнан астам (33 839) бірлік компьютерлік техника, оның ішінде 22 193, немесе 65,6% жаңа модификациядағы компьютер және 11 647, немесе 34,4% компьютерді есептен шығару талап етіледі. Сонымен қатар, компьютерлік технологияны пайдалану мерзімі 5 жыл. Нәтижесінде, есептен шығарылатын ескірген компьютерлік техниканың саны және 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны әр жыл сайын артып келеді. Сонымен, 2024 жылдың қаңтар айының соңында есептен шығарылатын компьютерлер саны 11 647 бірлікке дейін артты, ал 1 компьютерге оқушылар саны 5-ке дейін артты.

 

Дата публикации
14 марта 2024