Мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына түсіндірме жазба

Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының                  2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешімі облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 сессиясында бекітілді. Облыстық бюджетті нақтылау 2019 жылғы қарашаға жоспарланып отыр.

Облыс бюджетіне түсімдер 237 417 791,1 мың теңгені құрады, оның ішінде:

Салықтық түсімдер – 6 186 856,0 мың теңге

Салықтық емес түсiмдер – 1 548 119,9 мың теңге

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 12 430,0 мың теңге

Трансферттердің түсімдері – 208 886 240,3 мың теңге

Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 7 128 782,4 мың теңге

Қарыздардың түсімдері – 11 419 599 мың теңге

Бюджет қаражаттарының қалдықтары – 2 235 763,5 мың теңге

Облыстық бюджеттің сапалы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдарға облыстық бюджеттен берілген бюджетттік кредиттер бойынша сыйақылар бойынша 1 136,1 мың теңге сомасындағы бюджеттің кіріс бөлігінің азаюы күтілуде.

Шығыстардың функционалды топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр:

Бiлiм беру. Қостанай ауданындағы «Надеждин орта мектебі» ММ күрделі жөндеу жұмысына 35 000,0 мың теңге сомасына шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

Денсаулық сақтау. Облыстық аурухана орнын ангиограф орнына ағымдағы жөндеу жұмысы және «Көмек» бағдарламалық кешенін енгізуге 46 581,3 мың теңге сомасына шығыстарды ұлғайту жоспарланып отыр.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік. Лисаков қаласында «Қалалық мәдениет және спорт орталығы» МКҚК күрделі жөндеу жұмысына және Қостанай қаласында футбол манежін ұстауға 39 000,0 мың теңге сомасына шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Арқалық қаласында 2019-2020 жылдары үзіліссіз жылу беру маусымын қамтамасыз ету үшін отындық мазутқа 1 000 000,0 мың теңге сомасына шығыстарды ұлғайту жоспарланып отыр.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі. Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдай зардаптарын жою жөніндегі ағымдағы іс-шараларды жүргізуге 175 000,0 мың теңге сомасына шығыстарды ұлғайту жоспарлануда. Лисаков қаласында теннис корты құрылысына    80 000,0 мың теңге сомасына шығыстарды ұлғайту жоспарланып отыр.

- Өзгелер. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іс-шараларын іске асыруға 131 800,0 мың теңге сомасына шығыстарды ұлғайту жоспарлануда, оның ішінде:

- Қостанай қаласында кәсіпкерлерге микрокредиттер ұсынуға –      126 000 мың теңге;

- микрокредиттерді кепілдендіруге – 5 800 мың теңге.

Мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 347 «Қостанай облысының 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына түсіндірме жазба
Дата публикации
30 декабря 2019