Бекітілген 2020-2022 жылдарға арналған Қостанай облысының
Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2020-2024 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық және облыстық бюджеттердің арасындағы өзара қатынастар «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 275-VI Заңында белгіленген.
Осы Заңға сәйкес республикалық бюджеттен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2020 жылға 140 029,3 млн. теңге сомасында, 2021 жылға 135 998,8 млн теңге сомасында, 2022 жылға 133 543,2 млн. теңге сомасында белгіленді.
Өз кезегінде облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы бюджетаралық қатынастар «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» 2019 жылғы желтоқсан айына жоспарлануда.
Облыс бюджетіне жоспарланып отырған түсімдер – 268 029 555,0 мың теңгені құрады, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 6 198 579,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 769 128,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 25 132,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 236 484 442,0 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттерді өтеу – 10 114 486,0 мың теңге;
Қарыздардан түсетін түсімдер – 14 437 788,0 мың теңге.
Шығыстардың функционалды топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр:
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер – 3 220 646,0 мың теңге;
Қорғаныс – 618 740,0 мың теңге;
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі – 9 753 385,0 мың теңге;
Бiлiм беру – 48 850 223,0 мың теңге;
Денсаулық сақтау – 4 640 127,0 мың теңге;
Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру – 9 454 422,0 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 19 796 280,0 мың теңге;
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк – 10 577 454,0 мың теңге;
Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану – 3 336 744,0 мың теңге;
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 35 336 318,0 мың теңге;
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 14 374 094,0 мың теңге;
Көлiк және коммуникация – 36 580 679,0 мың теңге;
Басқалар – 8 814 007,0 мың теңге;
Борышқа қызмет көрсету – 46 569,0 мың теңге;
Трансферттер – 36 875 605,0 мың теңге.