Қостанай облысы 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды молықтыру мен орман өсірудің кешенді жоспарын (бұдан әрі-жоспар) іске асыруда, ол Мемлекет басшысының алдағы 5 жылда орман қорында 2 миллиард ағаш және 2020 жылғы 1 қыркүйектегі елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызу туралы тапсырмасы шеңберінде әзірленді.
Біздің облыс үшін отырғызу көлемі - 28,8 мың га. осы көлемді орындау үшін 160,69 млн. көшет қажет. 2023 жылы жалпы ауданы 2939,8 га, көктемде 1864,7 га, күзде 1075,1 га орман отырғызылды.
Балық шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 2021 жылдан бастап Қостанай облысының балық шаруашылығын дамытудың 2021 – 2023 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітіліп, іске асырылуда.
Бағдарламаны іске асыру кезеңінде облыстың жаңа балық өсіру шаруашылықтарын құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, балық шаруашылығы субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, инвестициялық жобаларды іске асыру көзделген.
Осылайша, 1.01.2024 жылға облыста 66 балық өсіруші шаруашылық (63 көл-тауарлық балық өсіру шаруашылық (КТБӨШ), 1 тоған балық өсіру шаруашылық (ТБӨШ), 2 тор қоршамада балық өсіру шаруашалақ (ТҚБӨШ) жұмыс істейді.
Анықтама: Қостанай облысында 2022 жылдың басында 4 ОТРХ және 1 ПРХ жұмыс істеді.
Есепті кезеңге (2023 ж.) конкурс қорытындысы бойынша бекітілген 2 тор қоршамада балық шаруашылығы құрылды, 10-ны кәсіпшілік балық аулаудан акваөсіру (балық өсіру) шаруашылығын жүргізуге ауыстырылды.
2023 жылы тауарлық балық өсіру жөніндегі бағдарламаның көрсеткіші 118% - ға асыра орындалды және жоспар бойынша 192 тонна болғанда 419,8 тоннаны құрады.
Бағдарламаның іс-шаралары алдағы уақытта да жалғасатын болады.