Балаларды қосымша біліммен қамту 81,1% немесе 92626 баланы құрайды («Білімді ұлт» ұлттық жобасы бойынша 2023 жылға арналған облыстық жоспарлы көрсеткіш - 81,05% (ҚР-81,1%).
Облыста 38249 баланы қамтыған 48 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс істейді, оның 47-і мемлекеттік (сарайлар, үйлер, балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталықтары-20, музыка мектептері-7, көркемсурет мектептері-3, өнер мектептері-9, хореография мектептері-1, техникалық шығармашылық мектептері-1, аула клубтары-2, оқу-әдістемелік орталықтары-4), 1 жеке меншік (Балалар инклюзивтік академиясы).
3900-ден астам мектеп үйірмелері мен секцияларында 68 мыңнан астам бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады. Сондай-ақ, 30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 21 мыңнан астам бала қамтылған.