Білім басқармасының 2023 жылғы желтоқсан айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты

Білім басқармасының 2023 жылғы желтоқсан айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты

 

Білім беру саласындағы бюджет 2023 ж. - 178 497 134,6 мың.теңге, 2024 ж. - 193 642 636,1 мың.теңге, 2025 ж. - 206 088 267,3 мың.теңге құрайды

Білім беру желісі 760 ұйымнан (670 мемлекеттік, 90 жекеменшік) құралған:                                      184 балабақша, 5 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес),                                         445 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп;                                 9 жекеменшік мектеп (мемлекеттік емес), 33 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 24 арнайы білім беру ұйымы, 8 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған  ұйым, 47 қосымша білім беру ұйымдары (оның ішінде 1 жекеше – Балалар инклюзивті академиясы).

Мектепке дейінгі тәрбие.

2023 жылдың желтоқсан айына облыста 184 балабақша (2022ж.-192), оның ішінде жекеменшік – 68 (2022 ж.-70), 334 шағын орталық (2022 ж.-371), оның ішінде 329 жалпы білім беретін мектептерде (2022 ж.- 363) және 5 жекеменшік (2022 ж.- 9).

Мектепке дейінгі ұйымдарға кезек 2 жастан 6 жасқа дейін 2 718 баланы құрайды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін – 1 226. Балабақшаға кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталады: Қостанай қ. – 960, Рудный қ. – 537, Қостанай ауданы – 521, Жітіқара ауданы – 117, Арқалық қ. – 183.

Жалпы орта білім.

Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 466 мектептен тұрады, соның ішінде 445 (2022-2023о.ж.-455) - күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 6 - мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы, 5 - кешкі (2022 – 2023о.ж. - 5), 9 - жекеменшік (2022-2023о.ж.-8) мектеп.

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 108-і мемлекеттік тілде оқытатын, 115-і аралас мектеп.

Өңірде 288, немесе 65% (2021-2022о.ж.-66%) шағын жинақталған мектептер басым екенін ескере отырып, оқу бағдарламаларын табысты игеру үшін бүгінгі таңда 20 ресурстық орталық жұмыс істейді.

Қосымша білім беру.

Оқу жылының аяғында балаларды қосымша біліммен қамту 79,1%, немесе 89 176  баланы (қайталанбастан) құрайды. «Білімді ұлт» ұлттық жобасы бойынша жоспарлы көрсеткіш – 81,05 %.  

  46 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарында 36 990, немесе 32,4% бала қосымша біліммен қамтылған.  

3 900 мектеп үйірмелері мен секцияларында 68 мыңнан астам бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады. Сонымен қатар, облыста 30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 21 мыңнан астам бала айналысады.

Білім беру саласында 50 млн.теңге сомасына 372 орынға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы жарияланды, бірақ орналастырылмады (Жеткізушілердің жоқтығына байланысты).

Қорғаншылық және қамқоршылық және арнаулы білім беру ұйымдары.

Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 9 802 бала тұрады, оның ішінде 9 457 бала оқытуға жатады.

Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 24 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы.

1-ден 11-сыныпқа дейінгі 461 мүгедек бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды. 3 846 (2021-2022 о.ж.-4 078) бала 377 жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім берумен қамтылды.

Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР-да-98) 876 тәрбиеленуші оқиды, жалпы білім беретін мектептердің 91 арнайы сыныбында 685 оқушы арнаулы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДК-585, ББ-25, сөйлеу қабілеті бұзылған-68, көру қабілеті бұзылған-7).

Психологиялық-педагогикалық түзетудің 14 кабинетінде (ҚР-да-186) 549 балаға түзету арқылы қолдау көрсетіледі (2021-2022 о.ж.-622), жалпы білім беретін мектептер жанындағы 126 логопедиялық пункттерде 2 959 баламен сабақ өткізіледі.

19 жалпы білім беретін мектеп жанынан 19 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді (Қостанай қ. №8, №17, №21, №27, №29 ОМ жанында, Рудный қ. №17, №19 ОМ, Арқалық қ. №6 ОМ,  Амангелді ауданының Б.Колдасбаев атындағы НМ, Жітіқара ауданы №12 НМ, Қарасу ОМ, Тобыл қ. №2 НМ, Меңдіқара ауданының А.Чутаев атындағы БМГ, Сарыкөл ауданы №1 Урицкий НМ, Б.Майлин атындағы НМ, Әулиекөл ауданының Н. Островский атындағы Аманқарағай НМ, Денисов ауданының Перелески НМ, Лисаков қ. №1 НМ, Қарабалық ауданының М.Горький атындағы НМ).

Облыста 1 638 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2021ж.-1 870, 2022ж.- 1764). Соның ішінде 1 140-ы қорғаншылық пен қамқоршылықта (2021ж.-1240, 2022ж.-1198), 190-ы Қазақстан азаматтарының отбасыларында патронаттық тәрбиеде (2021ж.-192, 2022 ж.-185) , 15-і асырап алушы отбасында, 359-ы жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 8 ұйымда анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-293 (2021ж.-343, 2022ж. - 309).

Кадрлық қамтамасыз ету.

Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13 416 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 12 194, бұл 90,9%, арнайы орта – 1222, немесе 9,1%, орта – 0, Академиялық магистр дәрежесіне 820 (6,1%) ие.

Қолданыстағы формат бойынша 8999 (67%) педагогтің біліктілік санаттары бар, («педагог-шебер» - 91 (0,7%), «педагог-зерттеуші» - 2 185 (16,3%), «педагог-сарапшы» - 3 210(23,9%), «педагог-модератор» - 3 513 (26,2%)).

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3 451 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 1726 (50%),  арнайы орта білімі бар – 1725 (50%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімі бар – 1 953 (56,8 %). Академиялық магистр дәрежесі 26 (0,7%) бар.

Қолданыстағы формат бойынша 1 204 (34,8%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 3 (0,08%), «педагог-зерттеуші» - 106 (3%), «педагог-сарапшы» - 239 (6,9%), «педагог-модератор» - 856 (24,8%).

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнаулы ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 619 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 570-де жоғары білімі бар, бұл 92%, 49-нда арнайы орта білімі бар, бұл 8% құрайды. 62 (12,3%) педагогтің магистр академиялық дәрежесі бар.

Қолданыстағы формат бойынша 320 (51,8%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-мастер»-1 (0,1%),  «педагог-зерттеуші» - 76 (12,2%), «педагог-сарапшы» - 71 (11,4 %), «педагог-модератор» - 173 (27,9 %).

Техникалық және кәсіптік білім.

Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 колледжден тұрады (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), онда 22 мыңнан астам студент (22 208 адам) оқиды.

2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау 6 435 адамды құрады (оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша – 717).  2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 6 134 адамды құрады (кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша - 687 адам)

Қазіргі уақытта 24 жатақхана жұмыс істейді (оның 22-сі мемлекеттік, 2 жекеменшік колледжерге тиесілі). Жатақханадағы орындармен қамтамасыз етілген студенттерді жалпы қамту 3 171, немесе 86 % адамды құрайды.

Құрылыс және жөндеу жұмыстары.

Бүгінгі күні 1980 орындық 3 объектінің құрылысы (Қостанай ауданының Еңбек ауылы 100 орындық, Қостанай қ. «Береке» ш.а 980 орындық, «Қонай» ш.а. 900 орындық) жүріп жатыр.

Бұл ретте, Қостанай облысының әкімдігі ҚР Білім министрлігіне 2 мектепті қаржыландыру қажеттігі туралы негіздеме жолданды: Қарабалық ауданы Гурьяновка ауылында 100 орындық және Қостанай ауданы Еңбек ауылында               100 орындық және «Береке» шағын ауданында 980 орындық 1 мектептің құрылысын аяқтау  үшін барлығы 3 жоба жіберілді.

Қазіргі таңда 2 жобаны іске асыруға жалпы сомасы 2 435,0 млн.теңгені құрайтын бюджеттік өтінімдер (Қостанай ауданы, Еңбек ауылында – 1 131,06 млн.тг., Қостанай қаласының «Береке» шағын ауданда мектеп құрылысы – 1 303,93 млн.тг.) мақұлданды, қазынашылықтағы арнайы шотқа қаражат аударылады.

Оқушы орындарының тапшылығын болдырмау үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 6300 орындық 8  мектеп салу жоспарланған.

Жаңа объектілерді жобалау бірыңғай оператор-«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (300, 900, 1200 орындық және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.

2023-2025 жылдарға арналған мектеп құрылысын іске асыру жоспары:

2023-2024ж.-4 4500 орындық 6 мектеп (Қостанай қаласында «Береке-2» шағын ауданында 1200 орындық, «Әуежай» шағын ауданында 900 орындық, Арқалық қаласында 300 орындық, Құсмұрын кентінде 300 орындық, Заречный кентінде 900 орындық, Рудный қаласында 900 орындық);

2024-2025 ж.-1800 орындық 2 мектеп (Қостанай қаласының «Қонай-2» шағын ауданында 600 орындық, Тобыл қаласында 1200 орындық).

Ыңғайлы және қауіпсіз оқу жағдайларын жасау мақсатында 2023 жылы         3,7 млрд.теңге сомасына 20 білім беру объектісіне (оның ішінде 13 мектеп, 3 балабақша, 4 колледж) күрделі жөндеу басталды.                                                                                                                                          

20 күрделі жөндеуден 17 білім беру объектілерінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды (Федоров ауданының Пешковская НМ, Б.Майлин ауданының Береговая НМ, Меңдіқара ауданының Жангелді НМ, Меңдіқара ауданының Краснопреснен НМ, Қостанай ауданының Заречная мектеп-лицейі, Федоров ауданының Костряков НМ, Сарыкөл ауданының Тимирязев НМ, Рудный қ. №13 НОМ, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледіж, Меңдіқара ауданы А.Чутаев атындағы БМГ, Қостанай қ. №9 НМ, Қамысты ауданының Қарабатыр ОМ. Жангелді ауданы «Балдырған» бөбекжайы, Торғай гуманитралы колледжі, Рудный технология және сервис колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі, Аркалық қ. №10 НМ). 2 білім беру объектісіне ақшалай қаражаттың кеш бөлінуінен конкрустық рәсімдер жүргізіліп жатыр (Қостанай қ. №6 бөбекжайы, Рудный қ. №8 бөбекжайы). Жөндеу жұмыстары 1 білім беру объектісінде жүргізіліп жатыр  (Амангелді ауданының Жаңаауыл НМ).

Қауіпсіздік.

Бүгін облыстың білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен 100% қамтылған.  Террористік тұрғыдан осал 252 объектіде, немесе 100% дабыл түймелері орнатылған (оның ішінде 75 балабақша, 152 мектеп, 25 колледж).

Террористік тұрғыдан осал 250 объектіде, немесе 99% полиция бөлімінің жедел басқару орталықтарына және кезекші бөлімдеріне (УТО 250 объекті, оның ішінде 75 балабақша, 150 мектеп, 25 колледж) қосылған. Бұдан бөлек техникалық себептерге байланысты Жедел басқару орталықтарына қосылу мүмкіндігі жоқ білім беру объектілері бар (Әулиекөл ауданының 2 мектебі, Аманқарағай кенті).

ТТО 159 объектіде, немесе 100%-да лицензияланған күзет енгізілді (оның ішінде 49 балабақша,  93 мектеп, 17 колледж).

Сондай-ақ облыста 9 жекеменшік мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 5 мектеп террористік тұрғыдан осал объект болып табылады. Барлық мектептер бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Жедел басқару орталықтарына 1 (20%) мектеп қосылған, дабыл түймесі 3 (60%) мектепте орнатылған, лицензияланған күзет 2 (40%) мектепте енгізілген.

68 жекеменшік балабақша, оның ішінде 41 балабақша террористік тұрғыдан осал болып табылады. Барлық балабақшада бейнебақылау камералары орнатылған. 14 (34%) балабақша жедел басқару орталықтарына қосылған, 27 (65%) балабақшада дабыл түймелері орнатылған.

7 жекеменшік колледжі террористік тұрғыдан осал объектісі болып табылады. Барлық колледжде бейнебақылау камералары орнатылған. 6 (86%) колледж жедел басқару орталықтарына қосылған, 6 (86%) колледжде дабыл түймелері орнатылып, 4 (57%) колледжде лицензияланған күзет енгізілді.

Цифрландыру.

Барлық мектептердің 445-і, немесе 100% кең жолақты Интернетке қол жетімділігі бар, оның ішінде 347, немесе 96,9% ауылдық мектептердің Интернет желісінің жылдамдығы 8 Мбит/сек, 11-ден аса, немесе 3,1% - 4 Мбит/сек (Амангелді ауданы – 4,  Жітіқара ауданы – 1, Меңдіқара ауданы – 1, Сарыкөл ауданы – 4, Ұзынкөл ауданы – 1).

Қалалық мектептердің 86, немесе 98,8 % интернет желісінің жылдамдығы 20 Мбит/сек және одан жоғары және 1 қалалық мектеп 20 Мбит/сек интернеті бар (Лисаков қ. -1).

2020 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 765 компьютерлік техника жиынтығы сатып алынды, сонымен қатар Үкімет резервінен 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника сатып алынды (жиынтықтағы компьютер – 1 584, ноутбуктер – 11 586, планшеттер-2 052). Бұл 1 компьютерге оқушылар санын 7-ден 4-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Қостанай облысы бойынша барлығы 33 мыңнан астам (33 839) бірлік компьютерлік техника, оның ішінде 22 193, немесе 65,6% жаңа модификациядағы компьютер және 11 647, немесе 34,4% компьютерді есептен шығару талап етіледі. Сонымен қатар, компьютерлік технологияны пайдалану мерзімі 5 жыл. Нәтижесінде, есептен шығарылатын ескірген компьютерлік техниканың саны және 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны әр жыл сайын артып келеді. Сонымен, 2023 жылдың қараша айының соңында есептен шығарылатын компьютерлер саны 11 647 бірлікке дейін артты, ал 1 компьютерге оқушылар саны 5-ке дейін артты.

 

Дата публикации
21 декабря 2023