Қостанай облысында 2023 жылы 1 қазан жағдайына 2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның шараларын іске асыру туралы ақпарат

2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шегінде «Кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау» екінші бағыты «Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» 2-міндеттің «Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 1-көрсеткіштің шараларын іске асыру шегінде Қостанай облысына 2023 жылы 11 954,2 млн. теңге (РБ – 7 834,2 млн. теңге, ОБ – 4 120,0 млн. теңге), қаражат бөлінді, оның ішінде:

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 8 741,6 млн. теңге (РБ – 5 639,0 млн. теңге, ОБ – 3 102,6 млн. теңге), соның ішінде өңірлік қаржыландыру шеңберінде – 18 млн. теңге (ОБ);

  • кредиттерді кепілдеуге – 1 010,2 млн. теңге (РБ – 867,0 млн. теңге, ОБ – 143,2  млн. теңге);
  • гранттық қаржыландыруға – 84,0 млн. теңге (ОБ – 84,0 млн. теңге);

- өндірістік инфрақұрылымды дамыту – 1618,4 млн. теңге (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 290,2 млн. теңге);

- облыстың оңтүстік өңірлерінде аумақтық қаржыландыру (несиелеу) – 500 млн. теңге (ОБ) .

2023 ж. 1 қыркүйек жағдайына Ұлттық жобаның шараларын іске асыру шегінде 37 755,7 млн. теңге кредиттер сомасына 598 жоба мақұлданды, оның ішінде:

- субсидиялауға – 25 985,1 млн. теңге кредиттер сомасына 351 жоба;

- ішінара кепілдеуге - кредиттердің 11 820,6 млн. теңге сомасына 247жоба мақұлданды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры) кепілдің жалпы сомасы 6 719,1 млн. теңге құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 1 225,3 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%).

Гранттіқ қаржыландыру шегінде жалпы 84 млн. теңгеге 19 жоба мақұлданды, одан 6 жоба 30 млн. теңгеге жас кәсіпкерлердің жобалары.

Жетіспейтін индустриалдық инфрақұрылымды жеткіздіру шегінде 1 618,4 млн. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылуда (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 290,2 млн. теңге), оның ішінде:

  1. «Қостанай қаласында қажетті инфрақұрылымды жеткізіп индустриалды аймақ құру» («ВЛ-10 кВ» құрылысы - 1 272,6 млн. теңге - РБ, 92,6 млн. теңге - ОБ, «220 ВЛ» -140 млн. теңге - ОБ) 1 505,2 млн. теңге (РБ – 1 272,6 млн. теңге, ОБ – 232,6 млн. теңге);
  2. «Қостанай облысы, Федоров ауданының Копыченка ауылында «Промбаза-7» ЖШС өсімдік майын өндіру зауытын электрмен жабдықтау құрылысы» – 37,8 млн. теңге (ОБ);
  3. «Қостанай облысы Қарабалық ауданында «Мал сою пунктін сумен қамтамасыз ету» – 61,8 млн. теңге (РБ - 55,6 млн. теңге, ОБ – 6,2 млн. теңге);
  4. «Арқалық к. Қайыңды ауылдық аймағы мекен жайы бойынша «Аркалык-Айдар» ЖШС репродукторына Көктау ауылынан 10 кВт ЭБЖ жаңа құрылысы» – 13,6 млн. тенге (ОБ).

Одан басқа, «Бизнес-Көмек» жылдық 1%-бен облыстың оңтүстік аудандарындағы кәсіпкерлерін өңірлік қаржыландыру Бағдарламасы шегінде жалпы 600 млн. теңге сомада кредиттік портфель қалыптасырылды (500 млн. теңге – «Даму» Қорына 29.08.2023 ж. № СМСП-4/23 Кредиттік шарт негізінде бюджеттік кредит түрінде берілген облыс бюджеттің қаражаты, 100 млн. теңге – «Даму» Қорының бірлесіп қаржыландыруы). «Даму» Қорының ақпараты бойынша кредиттеу «Қазақстан халық банкі» АҚ және «БанкЦентрКредит» АҚ іске асырылатын болады, оларға сәйкес кредиттік келісімдер жасалғасын 300 млн теңгеден бөлініп беретін болады.

Бүгінгі таңда Бағдарламаға қатысу үшін жалпы 4,4 млрд. теңгеге 46 жобадан тұратын пул жинақталды (Арқалық қ.- 750 млн. теңгеге 8 жоба, Амангелді ауданы 1 250 млн. теңгеге 11 жоба, Жангельдин ауданы - 2 390 млн. теңгеге 27 жоба).

Ұлттық жобаның «Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру» бірінші бағыттың «Өз ісін ашып және дамыту үшін жағыдай жасау» 1 міндеттің «Қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 2-көрсеткіштің шараларын іске асыру бойынша 2023 ж. 1 қазан жағдайына «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету» құралын жүзеге асыру шегінде Қостанай қаланың 774 кәсіпкерлеріне бизнесті жүргізу бойынша (бухгалтерлік, заңдық қызметтер, кедендік процедуралармен байланысты қызметтер және т.б.) 896 қызмет көрсетілді.

«Кәсіпкерлік қабілеті бар халықтың және кәсіпкерлер үшін ақпараттық-консультациялық қызметтер» құралы шегінде 3 587 клиентке 10 232 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- «Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру» бағыты бойынша 3 263 клиентке 9 217 қызмет көрсетілді;

- «Өтініштерді сүйемелдеу» бағыты бойынша 40 клиентке 118 қызмет көрсетілді;

- «Құқықтық сұрақтар және рұқсат құжаттарды алу» бағыты бойынша 284 клиентке 897 қызмет көрсетілді.

«Іскер байланыстар» құралы шегінде 2023 жылы Германияда бизнес-стажировкаға қатысуға 3 өтініш қабылданды, оның ішінде: 2 кәсіпкер ауыл шаруашылығы саласында, 1 кәсіпкер - ас өнеркәсібінде.

Оның ішінен Германияда стажировка өтуге 2 өтініш мақұлданды: «Казконсалтинг» ЖШС ауыл шарыуашылығы саласында және «Бураков» ЖК ас өнеркәсібінде. Стажировка 20232 жылғы қыркүйек – қазан айларына жоспарланған.

Одан басқа 2022 жылы талдаудан өткен 3 кәсіпкер 2023 жылдың басында Германияда стажировкадан өтті:

- «Максат-Трейд» ЖШС-ен Дамбаулов Азамат;

- «Агро-Парасат» ЖШС-ен Омаров Рустем;

- «Костанайский агромеханический завод» ЖШС-ен Калимжанов Рустам .

«Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құрал шегінде:

- кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге арналған көрсетілетін қызметтерді қамтитын «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» бағыты бойынша кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге 335 консультация берілді, менторлыққа 27 менти тартылды.

Әйелдерді оқыту жоспары 100 қатысушыны құрайды. Бүгінгі таңда 127 әйел «SMM», (оқытылды 30 адам.) «Киізбасу» (оқытылды 30 адам.), «Тірнақ сервисі» (оқытылды 22 адам), тігін ісі (оқытылды 15 адам ), «шаштараз ісі» - (оқытылды 30 адам) бағыттары бойынша оқудан өтті.

 «Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша – 40 кем емес ШОК субъектілерін оқыту жоспарлануда. 41 кәсіпкер оқудан өтті:

- 15 адам Федоров ауданында «Мал өсіру: ІҚМ сүтті бағыт»,

- 26 адам Қостанай ауданында «Жылы жай ісі» бағыттар бойынша.

Дата публикации
12 октября 2023