Білім басқармасының 2023 жылғы қазан айына білім саласын дамыту қорытындылары туралы ақпараты
Білім беру желісі 763 ұйымнан (674 мемлекеттік, 89 жекеменшік) құралған: 185 балабақша, 5 жекеменшік шағын орталық (мемлекеттік емес), 446 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп, 5 кешкі мектеп; 9 жекеменшік мектеп (мемлекеттік емес), 33 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), 24 арнайы білім беру ұйымы, 8 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым, 47 қосымша білім беру ұйымдары (оның ішінде 1 жекеше – Балалар инклюзивті академиясы), 1 білім беру сапасын ақпараттандыру және бағалау орталығы.
Мектепке дейінгі тәрбие.
2023 жылдың қазан айына облыста 185 балабақша (2022ж.-192), оның ішінде жекеменшік – 68 (2022 ж.-70), 348 шағын орталық (2022 ж.-371), оның ішінде 343 жалпы білім беретін мектептерде (2022 ж.- 363) және 5 жекеменшік (2022 ж.- 9).
Мектепке дейінгі ұйымдарға кезек 2 жастан 6 жасқа дейін 5 965 баланы құрайды, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін – 2 967. Балабақшаға кезекте тұрған 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ең көп саны келесі өңірлерде сақталады: Қостанай қ. – 2 380, Рудный қ. – 1 490, Қостанай ауданы – 552, Жітіқара ауданы – 359, Арқалық қ. – 260.
Жалпы орта білім.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 466 мектептен тұрады, соның ішінде 446 (2021-2022о.ж.-477) - күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 6 - мемлекеттік арнайы білім беру ұйымы, 5 - кешкі (2021 – 2022о.ж. - 5), 9 - жекеменшік (2021-2022о.ж.-7) мектеп.
Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің жалпы санынан 108-і мемлекеттік тілде оқытатын, 115-і аралас мектеп.
Өңірде 287, немесе 65% (2021-2022о.ж.-66%) шағын жинақталған мектептер басым екенін ескере отырып, оқу бағдарламаларын табысты игеру үшін бүгінгі таңда 20 ресурстық орталық жұмыс істейді.
Қосымша білім беру.
Оқу жылының аяғында балаларды қосымша біліммен қамту 77,7%, немесе 86 972 баланы (қайталанбастан) құрайды. «Білімді ұлт» ұлттық жобасы бойынша жоспарлы көрсеткіш - 76,7%.
47 қосымша білім беру ұйымдарында, оның ішінде 46 мемлекеттік және 1 жекеменшік (Русин атындағы өнер мектебі), 37 185, немесе 33,3% бала қосымша біліммен қамтылған.
2022-2023 оқу жылдары 3 726 мектеп үйірмелері мен секцияларында 72 мыңнан астам бала қызығушылықтары мен бейімділігі бойынша айналысады. Сонымен қатар, облыста 30 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 20 мыңнан астам бала айналысады.
Білім беру саласында 50 млн.теңге сомасына 372 орынға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы жарияланды, бірақ орналастырылмады (Жеткізушілердің жоқтығына байланысты).
Қорғаншылық және қамқоршылық және арнаулы білім беру ұйымдары.
Облыс аумағында ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар 9 684 бала тұрады, оның ішінде 9 324 бала оқытуға жатады.
Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 24 ұйымнан тұрады: 6 арнайы мектеп және мектеп-интернат, 14 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы.
1-ден 11-сыныпқа дейінгі 461 мүгедек бала жеке бағдарламалар бойынша үйде оқиды. 3 846 (2021-2022 о.ж.-4 078) бала 377 жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім берумен қамтылды.
Облыстың 6 арнайы білім беру ұйымында (ҚР-да-98) 876 тәрбиеленуші оқиды, жалпы білім беретін мектептердің 91 арнайы сыныбында 685 оқушы арнаулы бағдарламалар бойынша оқиды (оның ішінде ПДК-585, ББ-25, сөйлеу қабілеті бұзылған-68, көру қабілеті бұзылған-7).
Психологиялық-педагогикалық түзетудің 14 кабинетінде (ҚР-да-186) 549 балаға түзету арқылы қолдау көрсетіледі (2021-2022 о.ж.-622), жалпы білім беретін мектептер жанындағы 126 логопедиялық пункттерде 2 959 баламен сабақ өткізіледі.
14 жалпы білім беретін мектеп жанынан 14 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді (Қостанай қ. №8, №17, №21, №27, №29 ОМ жанында, Рудный қ. №17, №19 ОМ, Амангелді ауданының Б. Колдасбаев атындағы НМ, Жітіқара ауданы №12 ЖББМ, Қарасу ОМ, Тобыл қ. №2 ЖББМ, Меңдіқара ауданының А. Чутаев атындағы БМГ, Сарыкөл ауданы №1 Урицкий ЖББМ, Б. Майлин атындағы НМ) және 1 ресурстық орталық (Арқалық қ. №6 ОМ).
Облыста 1 682 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады (2021ж.-1 870, 2022ж.- 1764). Соның ішінде 1 140 – ы қорғаншылық пен қамқоршылықта (2021ж.-1240, 2022ж.-1198) ), 191 - і Қазақстан азаматтарының отбасыларында патронаттық тәрбиеде (2021ж.-192, 2022 ж.-185) , 15-і асырап алушы отбасында, 336 жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 8 ұйымда (анасының қамқорлығынсыз қалған балалар -293) (2021 ж.-343, 2022 ж. - 309).
Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінде 13 820 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 12 285, бұл 88,9%, арнайы орта – 1 535, немесе 11,1%, орта – 0, Академиялық магистр дәрежесіне 582 (4,2%) ие.
Қолданыстағы формат бойынша 9 150 (66%) педагогтің біліктілік санаттары бар, («педагог-шебер» - 93 (0,6%), «педагог-зерттеуші» - 2 192 (15%), «педагог-сарапшы» - 3 237(23,4%), «педагог-модератор» - 3 628 (26 %)).
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 3 436 педагог жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар – 1 811 (52,7%), арнайы орта білімі бар – 1 625 (47,3%), оның ішінде мектепке дейінгі арнайы білімі бар – 1 953 (56,8 %). Академиялық магистр дәрежесі 25 (0,7%) бар.
Қолданыстағы формат бойынша 1 204 (34,8%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 3 (0,08%), «педагог-зерттеуші» - 106 (3%), «педагог-сарапшы» - 239 (6,9%), «педагог-модератор» - 856 (24,8%).
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнаулы ұйымдарда және білім беру ұйымдарында 598 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 537-де жоғары білімі бар, бұл 89,8%, 59-нда арнайы орта білімі бар, бұл 9,9% құрайды. 36 (6%) педагогтің магистр академиялық дәрежесі бар.
Қолданыстағы формат бойынша 321 (51,8%) педагогтің біліктілік санаттары бар, оның ішінде «педагог-шебер» - 1 (0,1%), «педагог-зерттеуші» - 76 (12,2%), «педагог-сарапшы» - 71 (11,4 %), «педагог-модератор» - 173 (27,9 %).
Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының желісі 33 колледжден тұрады (24 мемлекеттік білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 және 7 жекеменшік), онда 22 мыңнан астам студент оқиды.
2022-2023 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылдау 6 435 адамды құрады (оның ішінде кәсіпорындардың нысаналы тапсырысы бойынша – 717). 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы 6 134 адамды құрады (кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша - 687 адам)
22 колледжде жобалық қуаттылығы 4 511 орындық 24 жатақхана бар (22 мемлекеттік колледжге және 2 жеке колледжге тиесілі).
2023-2024 оқу жылының басындағы жатақханаларға қажеттілік 3 387 адамды құрайды, оның ішінде 3 171 адам немесе 94% орындармен қамтамасыз етілген. 105 адам негізінен жоғары курс студенттері жалға берілетін пәтерлерде тұрады.
Жеке жатақханасы жоқ колледждер 411 орын көлемінде ТжКБ басқа ұйымдарымен жатақханаларда орындарды жалға алу туралы шарт жасалды.
Қаладан тыс студенттердің тұруын қамтамасыз ету үшін 2024 жылы Қостанай политехникалық жоғары колледжінің жанынан 500 төсек-орынға арналған жатақхана салу жоспарлануда.
Құрылыс және жөндеу жұмыстары.
Бүгінгі күнге 100 орындық 2 объектінің құрылысына (Қостанай ауданының Еңбек ауылы 100 орын (жобаның жалпы құны 1,2 млрд.тг.) , Қарабалық ауданының Гурьянов ауылы 100 орын (жобаның жалпы құны 1,3 млрд.тг) «АТТМ групп құрылыс компаниясы» ЖШС-мен құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасалды.
Бұл ретте, Қостанай облысының әкімдігі ҚР Білім министрлігіне қаржыландыру қажеттігі туралы негіздеме жолдады: Қарабалық ауданы Гурьяновка ауылында 100 орындық және Қостанай ауданы Еңбек ауылында 100 орындық және «Береке» шағын ауданында 980 орындық 1 мектептің құрылысын аяқтау үшін барлығы 3 жоба жіберілді.
Қазіргі таңда 2 жобаны іске асыруға жалпы сомасы 2 435,0 млн.теңгені құрайтын бюджеттік өтінімдер (Қостанай ауданы, Еңбек ауылында – 1 131,06 млн.тг., Қостанай қаласының «Береке» шағын ауданда мектеп құрылысы – 1 303,93 млн.тг.) мақұлданды, қазынашылықтағы арнайы шотқа қаражат аударылады.
Оқушы орындарының тапшылығын болдырмау үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 6300 орындық 8 мектеп салу жоспарланған.
Жаңа объектілерді жобалау бірыңғай оператор-«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (300, 900, 1200 орындық және т.б.) арқылы жүзеге асырылады.
2023-2025 жылдарға арналған мектеп құрылысын іске асыру жоспары:
2023-2024ж.-4 4500 орындық 6 мектеп (Қостанай қаласында «Береке-2» шағын ауданында 1200 орындық, Әуежай шағын ауданында 900 орындық, Арқалық қаласында 300 орындық, Құсмұрын кентінде 300 орындық, Заречный кентінде 900 орындық, Рудный қаласында 900 орындық);
2024-2025 ж.-2 1800 орындық 2 мектеп (Қостанай қаласының «Қонай-2» шағын ауданында 600 орындық, Тобыл қаласында 1200 орындық).
Ыңғайлы және қауіпсіз оқу жағдайларын жасау мақсатында 2023 жылы 3,6 млрд.теңге сомасына 18 білім беру объектісіне (оның ішінде 13 мектеп, 1 балабақша, 4 колледж) күрделі жөндеу басталды.
20 күрделі жөндеуден 11 білім беру объектілерінде жөндеу жұмыстары толық аяқталды (Федоров ауданының Пешковская НМ, Б.Майлин ауданының Береговая НМ, Меңдіқара ауданының Жангелді НМ, Меңдіқара ауданының Краснопреснен НМ, Қостанай ауданының Заречная мектеп-лицейі, Федоров ауданының Костряков НМ, Сарыкөл ауданының Тимирязев НМ, Рудный қ. №13 НОМ, Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі, Қостанай қ. №9 ЖББМ, Қамысты ауданының Қарабатыр ЖББМ). 2 білім беру объектісіне ақшалай қаражаттың кеш бөлінуінен конкрустық рәсімдер жүргізіліп жатыр (Рудный қ. № 8 бөбекжайы, Қостанай қ. №6 бөбекжай-бақшасы). Жөндеу жұмыстары 7 білім беру объектісінде жүргізіліп жатыр (Амангелді ауданы Жаңаауыл НМ, Жангелді ауданы «Балдырған» бөбекжайы, Торғай гуманитралы колледжі, Рудный технология және сервис колледжі, Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі, Меңдіқара ауданының А.Чутаева атындағы Боровской мектеб-гимназиясы., Арқалық қаласының №10 ЖББМ).
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы іс-шараларын іске асыру бойынша ақпарат.
Барлық мектептердің 446-ы, немесе 100% кең жолақты Интернетке қол жетімділігі бар, оның ішінде 348, немесе 96,9% ауылдық мектептердің Интернет желісінің жылдамдығы 8 Мбит/сек, 11-ден аса немесе 3,3% - 4 Мбит/сек (Амангелді ауданы – 4, Жітіқара ауданы – 1, Меңдіқара ауданы – 1, Сарыкөл ауданы – 4, Ұзынкөл ауданы – 1).
Қалалық мектептердің 86, немесе 98,8 % интернет желісінің жылдамдығы 20 Мбит/сек және одан жоғары және 1 қалалық мектеп 20 Мбит/сек интернеті бар (Рудный қ. -1).
2020 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 765 компьютерлік техника жиынтығы сатып алынды, сонымен қатар Үкімет резервінен 15 мыңнан астам (15 222) компьютерлік техника сатып алынды (жиынтықтағы компьютер – 1 584, ноутбуктер – 11 586, планшеттер-2 052). Бұл 1 компьютерге оқушылар санын 7-ден 4-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Қостанай облысы бойынша барлығы 33 мыңнан астам (33 839) бірлік компьютерлік техника, оның ішінде 22 193, немесе 65,6% жаңа модификациядағы компьютер және 11 647, немесе 34,4% компьютерді есептен шығару талап етіледі. Сонымен қатар, компьютерлік технологияны пайдалану мерзімі 5 жыл. Нәтижесінде, есептен шығарылатын ескірген компьютерлік техниканың саны және 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны әр жыл сайын артып келеді. Сонымен, 2023 жылдың қыркүйек айының соңында есептен шығарылатын компьютерлер саны 11 647 бірлікке дейін артты, ал 1 компьютерге оқушылар саны 5-ке дейін артты.