Қостанай облысының конфессионалдық алаңы туралы мәлімет

        2022 жылдың 1 қарашасында облыс аумағында 105 діни бірлестік жұмыс істейді, олардың ішінде: 26 - исламдық, 33 – православтық бағыттағы (ОПШ – 32, шетелдегі ОПШ - 1), 4 – католиктік бағыттағы (РКЦ), 41 – протестанттық бағыттағы (ІЛШ – 1, Христиандық жаңаапостол шіркеуі – 1, ІХБ – 8, Жетінші күн адвентистері – 5, Иеһова куәгерлері – 5, елулікшілдер бағытындағы: Рақат-махаббат нұры – 5, Агапе – 2, Жаңа өмір – 2, «Жатва» шіркеуі – 7, Өмір бұлағы – 2, «Иисуса Христа» шіркеуі, «Надежда» шіркеуі, «Христиандық отбасы орталығы») және 1 кришнаиттарға жатады.

            Заңды тұлға ретінде 73 бірлестік, олардың ішінде 32 – православиелік бағыты, 4 – католиктік бағыты, 36 – протестанттық бағыты (ІЛШ – 1, Христиандық жаңаапостол шіркеуі – 1, ІХБ – 7, Жетінші күн адвентистері – 5, Иеһова куәгерлері – 5, елулікшілдер бағытындағы: Рақат-махаббат нұры – 4, Агапе – 1, Жаңа өмір – 2, «Жатва» шіркеуі – 5, Өмір бұлағы – 2, «Иисуса Христа» шіркеуі, «Надежда» шіркеуі, «Христиандық отбасы орталығы»), 1 - кришнаит бағытын уағыздайды.

            Сондай-ақ 33 бірлестік филиалдар нысанында (26 – исламдық, 6 – протестанттық (ІХБ –1, Агапе – 1, «Жатва» шіркеуі – 2, Рақат-махаббат нұры - 1), 1 - «Қазақстандағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополит Округі» РДБ

            Облыста 90 ғибадат нысаны жұмыс істейді, соның ішінде: 26 мешіт, 31 православиелік шіркеу, 4 католиктер костелі, 29 ғибадат үйі. Қалған діни бірлестіктер өздерінің іс-шараларын жалданған пәтерлерде өткізеді.

Қостанай облысының конфессионалдық алаңы туралы мәлімет
Дата публикации
01 ноября 2022