Қостанай облысында 2023 жылы 1 қыркүйек жағдайына 2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның шараларын іске асыру туралы ақпарат

2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шегінде «Кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау» екінші бағыты «Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» 2-міндеттің «Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 1-көрсеткіштің шараларын іске асыру шегінде Қостанай облысына 2023 жылы 11 956,8 млн. теңге (РБ – 7 834,2 млн. теңге, ОБ – 4 122,6 млн. теңге), қаражат бөлінді, оның ішінде:

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 8 741,6 млн. теңге (РБ – 5 639,0 млн. теңге, ОБ – 3 102,6 млн. теңге), соның ішінде өңірлік қаржыландыру шеңберінде – 18 млн. теңге (ОБ);

  • кредиттерді кепілдеуге – 1 010,2 млн. теңге (РБ – 867,0 млн. теңге, ОБ – 143,2  млн. теңге);
  • гранттық қаржыландыруға – 84,0 млн. теңге (ОБ – 84,0 млн. теңге);

- өндірістік инфрақұрылымды дамыту – 1621,0 млн. теңге (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 292,8 млн. теңге);

- облыстың оңтүстік өңірлерінде аумақтық қаржыландыру (несиелеу) – 500 млн. теңге (ОБ) .

2023 ж. 1 қыркүйек жағдайына Ұлттық жобаның шараларын іске асыру шегінде 37 755,7 млн. теңге кредиттер сомасына 598 жоба мақұлданды, оның ішінде:

- субсидиялауға – 25 985,1 млн. теңге кредиттер сомасына 351 жоба, оның ішінде:

- «Шағын оның ішінде микрокәсіпкерліктің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерін портфельдік субсидиялауды ұсыну» бағыты бойынша банктердің кредиттері бойынша сый ақы мөлшерін субсидиялауға  1 070,3 млн. теңге кредиттердің сомасына 104 өтініш мақұлданды;

- «Кәсіпкерлерді/индустриалдық-инновациялық қызметтің субъектілерін қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша сый ақы мөлшерін субсидиялауға кредиттердің сомасына 19 995,8 млн. теңгеге 238 өтініш мақұлданды;

- «Механизм» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттерінің 4 919,0 млн. теңгеге сомасына сый ақы мөлшерін субсидиялауға кредиттердің сомасына 9 өтініш мақұлданды;

- ішінара кепілдеуге - кредиттердің 11 820,6 млн. теңге сомасына 247жоба мақұлданды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры) кепілдің жалпы сомасы 6 719,1 млн. теңге құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 1 225,3 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%), оның ішінде:

- «Шағын оның ішінде микрокәсіпкерліктің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік ішін ара кепілдеу ұсыну» бағыты бойынша банктердің кредиттері бойынша кредиттерді кепілдеуге 1 070,3 млн. теңге кредиттердің сомасына 104 өтініш мақұлданды. «Даму» Қоры кепілдіктің жалпы сомасы 909,7 млн. теңгені құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 181,9 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%);

- «Кәсіпкерлерді/индустриалдық-инновациялық қызметтің субъектілерін салалық қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша кепілдеуге кредиттердің 11 230,3 млн. теңге сомасына 141 өтініш мақұлданды. «Даму» Қоры кепілдің жалпы сомасы 5 744,6 млн. теңгені құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 1 030,4 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%);

- «Механизм» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттерінің 520,0 млн. теңге сомасына кепілдеуге 2 өтініш мақұлданды. «Даму» Қоры кепілдің жалпы сомасы 64,8 млн. теңгені құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 13,0 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%).

Гранттіқ қаржыландыру шегінде ағымдағы жылдың 14-23 тамызында кәсіпкерлерден 146 өтініш түсті. 31 тамыздан 5 қыркүйек аралығында конкурстық комиссияның отырыстары өтеді.

Жетіспейтін индустриалдық инфрақұрылымды жеткіздіру шегінде 1 621,0 млн. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылуда (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 292,8 млн. теңге), оның ішінде:

  1. «Қостанай қаласында қажетті инфрақұрылымды жеткізіп индустриалды аймақ құру» («ВЛ-10 кВ» құрылысы - 1 272,6 млн. теңге - РБ, 92,6 млн. теңге - ОБ, «220 ВЛ» -140 млн. теңге - ОБ) 1 505,2 млн. теңге (РБ – 1 272,6 млн. теңге, ОБ – 232,6 млн. теңге);
  2. «Қостанай облысы, Федоров ауданының Копыченка ауылында «Промбаза-7» ЖШС өсімдік майын өндіру зауытын электрмен жабдықтау құрылысы» – 40,4 млн. теңге (ОБ);
  3. «Қостанай облысы Қарабалық ауданында «Мал сою пунктін сумен қамтамасыз ету» – 61,8 млн. теңге (РБ - 55,6 млн. теңге, ОБ – 6,2 млн. теңге);
  4. «Арқалық к. Қайыңды ауылдық аймағы мекен жайы бойынша «Аркалык-Айдар» ЖШС репродукторына Көктау ауылынан 10 кВт ЭБЖ жаңа құрылысы» – 13,6 млн. тенге (ОБ).

Одан басқа, Арқалық қ., Амангелді және Жангелді ауданы кәсіпкерлері үшін жеңілдік пайызбен аумақтық қаржаландыруды іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда қаржыландыру талаптары екінші деңгейлі банктермен және «Даму» Қорымен келісілуде.

Ұлттық жобаның «Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру» бірінші бағыттың «Өз ісін ашып және дамыту үшін жағыдай жасау» 1 міндеттің «Қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 2-көрсеткіштің шараларын іске асыру бойынша 2023 ж. 1 қыркүйек жағдайына «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету» құралын жүзеге асыру шегінде Қостанай қаланың 714 кәсіпкерлеріне бизнесті жүргізу бойынша (бухгалтерлік, заңдық қызметтер, кедендік процедуралармен байланысты қызметтер және т.б.) 818 қызмет көрсетілді.

«Кәсіпкерлік қабілеті бар халықтың және кәсіпкерлер үшін ақпараттық-консультациялық қызметтер» құралы шегінде 2 850 клиентке 7 880 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- «Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру» бағыты бойынша 2 596 клиентке 7 073 қызмет көрсетілді;

- «Өтініштерді сүйемелдеу» бағыты бойынша 40 клиентке 118 қызмет көрсетілді;

- «Құқықтық сұрақтар және рұқсат құжаттарды алу» бағыты бойынша 214 клиентке 689 қызмет көрсетілді.

«Іскер байланыстар» құралы шегінде 2023 жылы Германияда бизнес-стажировкаға қатысуға 3 өтініш қабылданды, оның ішінде: 2 кәсіпкер ауыл шаруашылығы саласында, 1 кәсіпкер - ас өнеркәсібінде.

Оның ішінен Германияда стажировка өтуге 2 өтініш мақұлданды: «Казконсалтинг» ЖШС ауыл шарыуашылығы саласында және «Бураков» ЖК ас өнеркәсібінде. Стажировка 20232 жылғы қыркүйек – қазан айларына жоспарланған.

Одан басқа 3 кәсіпкер 2022 жылы талдаудан өткен 2023 жылдың басында Германияда стажировкадан өтті.

«Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құрал шегінде:

- кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге арналған көрсетілетін қызметтерді қамтитын «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» бағыты бойынша кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге 498 қызмет көрсетілді, оның ішінде 484 консультация, менторлыққа 14 менти тартылды. Әйелдерді оқыту жоспары 100 қатысушыны құрайды. Бүгінгі таңда «SMM», «Киізбасу», «Тірнақ сервисі», тігін ісі ПК «Большевичка» ЖШС негізінде. Тігін ісіне 16 адам, «тірнақ сервисіне» - 22 адам оқытылды;

- «Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша – 40 кем емес ШОК субъектілерін оқыту жоспарлануда. 41 кәсіпкер оқудан өтті:

- 15 адам Федоров ауданында «Мал өсіру: ІҚМ сүтті бағыт»,

- 26 адам Қостанай ауданында «Жылы жай ісі» бағыттар бойынша.

Дата публикации
12 сентября 2023