Информация по отрасли легкой промышленности за январь-июль 2023 года

Облыстың жеңіл өнеркәсібі тоқыма, трикотаж бұйымдарын, киім-кешек, бас киім, тоқылмаған геосинтетикалық материалдар өндіретін кәсіпорындардан тұрады.

2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында 31 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 30 шағын және 1 орта («Большевичка» ӨнК), оларда 350-ден астам адам жұмыс істейді.

Сала кәсіпорындарына «Большевичка» ӨнК, «Тоқыма емес материалдар фабрикасы» «S.M.F-System» ЖШС, «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, «Азурит» - өнеркәсіптік-сауда фирмасы» ЖШС, «ABC Astana production» ЖШС және басқалары жатады.

Облыстың жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 2023 жылғы қаңтар-шілдедегі қорытынды бойынша қолданыстағы бағамен 1298,1 млн. теңгеге өнім өндірді.

Жеңіл өнеркәсіптің нақты көлем индексі 89,5% құрады.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1% құрады.

Дата публикации
16 августа 2023