Өнеркәсіп бойынша 2023 жылғы қаңтар-шілде айлары бойынша талдау ақпараты

Облыста өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 943 кәсіпорын айналысады, оларда 42 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

2023 жылғы қаңтар-шілдеде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы 1550,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10,1%-ға жоғары (2022 жылғы қаңтар-шілдеде – 1408,2 млрд.теңге). НКИ-105,8%.

Облыс өнеркәсібінің құрылымында ең көп үлес өңдеу саласына тиесілі – 72,1%, тау – кен өндіру саласына – 25,0%, электрмен жабдықтау – 2,2%, сумен жабдықтау - 0,7%.

Тау-кен өндіру саласында 388,1 млрд. теңгеге (2022 жылғы қаңтар-шілдеде – 543,5 млрд. теңге, төмендеу – 28,6%) өнім өндірілген. НКИ – 83,4%.

Мыс кенін өндіру 72,0%, ,мыс концентраттарын өндіру-31,2%, шекемтас өндірісі 20,9%, темір кенін өндіру-20,4%, , құрамында алтыны бар кен өндіру 19,9%, боксит өндіру- 6,0%, темір кені концентраттарын өндіру 5,6% төмендеген.

Сонымен қатар, асбест өндіру 12,7% артты.

Өңдеу саласында – 1117,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді (2022 жылғы қаңтар-шілдеде – 820,7 млрд.теңге, өсім-36,1%), НКИ – 122,3%.

Өсім машина жасау өндірісін (НКИ – 138,5%, 659,0 млрд. теңге, саладағы үлесі-59,0%), тамақ өнімдерін (НКИ – 115,7%, 242,8 млрд.. теңге, үлесі-21,7%) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Шығарылатын өнімде сары май зжәне сүт спредтері 101,3%, тракторлар 56,2%, жеңіл автомобильдер өндірісі 42,0%, балмұздақ 29,6%, комбайндар 33,7%, жүк автомобильдері 23,0%, сүт 15,4%, сыра 14,0%, ұн 14,0%, шоколад 11,1%, ірімшік пен сүзбе 11,0%, болаттан ыстықтай илектелген шыбықтар мен өзектер өндірісі 5,0%, орақтар 1,2%, өзге де сүт өнімдері 3,6% ұлғайды.

Өңделмеген алтын өндірісі 27,3% төмендеді.

Дата публикации
16 августа 2023