Қостанай облысында 2023 жылы 1 тамыз жағдайына 2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның шараларын іске асыру туралы ақпарат

2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шегінде «Кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау» екінші бағыты «Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» 2-міндеттің «Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 1-көрсеткіштің шараларын іске асыру шегінде Қостанай облысына 2023 жылы 11 956,8 млн. теңге (РБ – 7 834,2 млн. теңге, ОБ – 4 122,6 млн. теңге), қаражат бөлінді, оның ішінде:

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 8 741,6 млн. теңге (РБ – 5 639,0 млн. теңге, ОБ – 3 102,6 млн. теңге), соның ішінде өңірлік қаржыландыру шеңберінде – 18 млн. теңге (ОБ);

  • кредиттерді кепілдеуге – 1 010,2 млн. теңге (РБ – 867,0 млн. теңге, ОБ – 143,2  млн. теңге);
  • гранттық қаржыландыруға – 84,0 млн. теңге (ОБ – 84,0 млн. теңге);

- өндірістік инфрақұрылымды дамыту – 1621,0 млн. теңге (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 292,8 млн. теңге);

- облыстың оңтүстік өңірлерінде аумақтық қаржыландыру (несиелеу) – 500 млн. теңге (ОБ) .

2023 ж. 1 тамыз жағдайына Ұлттық жобаның шараларын іске асыру шегінде 37 755,7 млн. теңге кредиттер сомасына 596 жоба мақұлданды, оның ішінде:

- субсидиялауға – 25 985,1 млн. теңге кредиттер сомасына 351 жоба;

- ішінара кепілдеуге - кредиттердің 11 770,6 млн. теңге сомасына 245 жоба мақұлданды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры) кепілдің жалпы сомасы 6 127,1 млн. теңге құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 1 225,3 млн. теңге.

Гранттіқ қаржыландыру шеңберінде конкурсты өткізу 2023 жылдың тамыз-қыркүйек айларына жоспарлануда. Өтініштерді қабылдау 14 тамыздан 23 тамызға дейін қабылданатын болады.

Жетіспейтін индустриалдық инфрақұрылымды жеткіздіру шегінде 1 621,0 млн. теңгеге 4 жоба жүзеге асырылуда (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 292,8 млн. теңге), оның ішінде:

  1. «Қостанай қаласында қажетті инфрақұрылымды жеткізіп индустриалды аймақ құру» («ВЛ-10 кВ» құрылысы - 1 272,6 млн. теңге - РБ, 92,6 млн. теңге - ОБ, «220 ВЛ» -140 млн. теңге - ОБ) 1 505,2 млн. теңге (РБ – 1 272,6 млн. теңге, ОБ – 232,6 млн. теңге);
  2. «Қостанай облысы, Федоров ауданының Копыченка ауылында «Промбаза-7» ЖШС өсімдік майын өндіру зауытын электрмен жабдықтау құрылысы» – 40,4 млн. теңге (ОБ);
  3. «Қостанай облысы Қарабалық ауданында «Мал сою пунктін сумен қамтамасыз ету» – 61,8 млн. теңге (РБ - 55,6 млн. теңге, ОБ – 6,2 млн. теңге);
  4. «Арқалық к. Қайыңды ауылдық аймағы мекен жайы бойынша «Аркалык-Айдар» ЖШС репродукторына Көктау ауылынан 10 кВт ЭБЖ жаңа құрылысы» – 13,6 млн. тенге (ОБ).

Одан басқа, Арқалық қ., Амангелді және Жангелді ауданы кәсіпкерлері үшін жеңілдік пайызбен аумақтық қаржаландыруды іске қосу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда қаржыландыру талаптары екінші деңгейлі банктермен және «Даму» Қорымен келісілуде.

Ұлттық жобаның «Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру» бірінші бағыттың «Өз ісін ашып және дамыту үшін жағыдай жасау» 1 міндеттің «Қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 2-көрсеткіштің шараларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

2023 ж. 1 тамыз жағдайына «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету» құралын жүзеге асыру шегінде Қостанай қаланың 633 кәсіпкерлеріне бизнесті жүргізу бойынша (бухгалтерлік, заңдық қызметтер, кедендік процедуралармен байланысты қызметтер және т.б.) 718 қызмет көрсетілді.

«Кәсіпкерлік қабілеті бар халықтың және кәсіпкерлер үшін ақпараттық-консультациялық қызметтер» құралы шегінде 2 850 клиентке 7 880 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- «Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру» бағыты бойынша 2 596 клиентке 7 073 қызмет көрсетілді;

- «Өтініштерді сүйемелдеу» бағыты бойынша 40 клиентке 118 қызмет көрсетілді;

- «Құқықтық сұрақтар және рұқсат құжаттарды алу» бағыты бойынша 214 клиентке 689 қызмет көрсетілді.

«Іскер байланыстар» құралы шегінде 2023 жылы Германияда бизнес-стажировкаға қатысуға 3 өтініш қабылданды, оның ішінде: 2 кәсіпкер ауыл шаруашылығы саласында, 1 кәсіпкер - ас өнеркәсібінде.

Оның ішінен Германияда стажировка өтуге 2 өтініш мақұлданды: «Казконсалтинг» ЖШс ауыл шарыуашылығы саласында және «Бураков» ЖК ас өнеркәсібінде.

Одан басқа 3 кәсіпкер 2022 жылы талдаудан өткен 2023 жылдың басында Германияда стажировкадан өтті.

- «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құрал шегінде кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге арналған көрсетілетін қызметтерді қамтитын «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» бағыты бойынша кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге 498 қызмет көрсетілді, оның ішінде 484 консультация, менторлыққа 14 менти тартылды. Әйелдерді оқыту жоспары 100 қатысушыны құрайды. Бүгінгі таңда «SMM», «Киізбасу» бағыттарды 60 әйел оқытылуда. ПК «Большевичка» ЖШС негізінде тігін ісіне оқыту жүргізілуде;

- «Кәсіпке бағыт» бағыты бойынша – 40 кем емес ШОК субъектілерін оқыту жоспарлануда. Ағымдағы жылдың 10-13 шілде аралығында 15 кәсіпкер Федоров ауданында «Мал өсіру: сүтті бағыттың ІҚМ» бағыт бойынша оқу дан өтті.

Дата публикации
07 августа 2023