Қостанай облысының 2023 жылғы қаңтар-мамырдағы машина жасау саласы бойынша ақпарат

Машина жасау саласында 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша облыс бойынша 35 кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 31 шағын, 2 орта және 2 ірі («Сарыарқаавтопром» ЖШС, «Агромашхолдинг KZ» АҚ), оларда 3,4 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Қостанай облысында машина жасау саласында мынадай кәсіпорындар жұмыс істейді: «СарыарқаАвтоПром» ЖШС (автомобильдер өндіру), «АгромашХолдингKZ» АҚ (қозғалтқыштарға арналған жинақтауыштарды (тораптар мен бөлшектер) өндіру, комбайндар мен Тракторларды құрастыру, ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектер өндіру), «Қостанай агромеханикалық зауыты» ЖШС (ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектер өндіру), «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, «Композит Групп Казахстан» ЖШС (тракторлар өндіру), «Дон Мар» ЖШС (тіркемелі жалпы дестелегіштер өндірісі) және басқалары.

Облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы машина жасау саласының үлесі 2023 жылғы қаңтар-мамырда 58,1% құрады.

Облыстың машина жасау кәсіпорындары 2023 жылғы қаңтар-мамырда 452,1 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл сәйкес кезеңнен 73,7% артық (2022 жылғы қаңтар-мамырда– 260,3 млрд. теңге). Нақты көлем индексі – 141,0%.

2023 жылғы қаңтар-мамырда 35 345 автомобиль жиналды, бұл сәйкес кезеңнен 44,8% артық (2022 жылы қаңтар-мамырд – 24 408 бірлік), 7 094 автомобиль экспортталды.

Қостанай облысының 2023 жылғы қаңтар-мамырдағы машина жасау саласы бойынша ақпарат
Дата публикации
13 июня 2023