Облыстың жеңіл өнеркәсібі тоқыма, трикотаж бұйымдарын, киім-кешек, бас киім, тоқылмаған геосинтетикалық материалдар өндіретін кәсіпорындардан тұрады.
2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында 31 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 30 шағын және 1 орта («Большевичка» ӨнК), оларда 350-ден астам адам жұмыс істейді.
Сала кәсіпорындарына «Большевичка» ӨнК, «Тоқыма емес материалдар фабрикасы» «S.M.F-System» ЖШС, «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, «Азурит» - өнеркәсіптік-сауда фирмасы» ЖШС, «ABC Astana production» ЖШС және басқалары жатады.
Облыстың жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 2023 жылғы қаңтар-мамырдағы қорытынды бойынша қолданыстағы бағамен 1033,6 млн. теңгеге өнім өндірді.
Жеңіл өнеркәсіптің нақты көлем индексі 96,5% құрады.
2023 жылғы қаңтар-мамырда облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1% құрады.