Облыста өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 946 кәсіпорын айналысады, оларда 42 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
2023 жылғы қаңтар-мамыр облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы 1096,6 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,0%-ға жоғары (2022 жылғы қаңтар-мамырда – 1025,0 млрд.теңге). НКИ-102,6%.
Облыс өнеркәсібінің құрылымында ең көп үлес өңдеу саласына тиесілі – 71,0%, тау – кен өндіру саласына – 25,7%, электрмен жабдықтау – 2,6%, сумен жабдықтау - 0,7%.
Тау-кен өндіру саласында 282,3 млрд. теңгеге (2022 жылғы қаңтар-мамырда – 419,8 млрд. теңге, төмендеу – 32,8%) өнім өндірілген. НКИ – 78,8%.
Мыс кенін өндіру 60,0%, темір кені концентраттарын өндіру 19,1%,мыс концентраттарын өндіру-29,5%, темір кенін өндіру-23,9%, шекемтас өндірісі 23,3%, құрамында алтыны бар кен өндіру 17,1%, боксит өндіру- 7,5%, төмендеген.
Сонымен қатар, асбест өндіру 19,0% артты.
Өңдеу саласында – 778,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді (2022 жылғы қаңтар-мамырда – 570,5 млрд.теңге, өсім-36,4%), НКИ – 121,8%.
Өсім машина жасау өндірісін (НКИ – 141,0%, 452,1 млрд. теңге, саладағы үлесі-58,8%), тамақ өнімдерін (НКИ – 117,3%, 176,3 млрд.. теңге, үлесі-22,6%) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
Шығарылатын өнімде жеңіл автомобильдер өндірісі 47,7%, тракторлар 39,0%, комбайндар 26,0%, жүк автомобильдері 11,1%, орақтар 34,0%, ұн 8,6%, сүт 10,7%, сыра 19,7%, шоколад 36,0%, болаттан ыстықтай илектелген шыбықтар мен өзектер өндірісі 3,9% ұлғайды.
Өңделмеген алтын өндірісі 24,7% төмендеді.