Өнеркәсіп бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша талдау ақпараты

Облыста өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 943 кәсіпорын айналысады, оларда 42 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

2023 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы 618,1 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7,1%-ға жоғары (2022 жылғы қаңтар-наурызда – 577,0 млрд.теңге). НКИ-99,4%.

Облыс өнеркәсібінің құрылымында ең көп үлес өңдеу саласына тиесілі – 69,8%, тау – кен өндіру саласына – 26,1%, электрмен жабдықтау – 4,0%, сумен жабдықтау - 0,7%.

Тау-кен өндіру саласында 161,1 млрд. теңгеге (2022 жылғы қаңтар-наурызда– 241,4 млрд. теңге, төмендеу – 33,3 %) өнім өндірілген. НКИ – 75,1%.

Мыс кенін өндіру 43,3% («Варваринское» АҚ), темір кені концентраттарын өндіру 38,6 % («ССКӨБ» АҚ, «Өркен» ЖШС ЛФ), мыс концентраттарын өндіру 2,8% («Варваринское» АҚ), темір кенін өндіру-30,0% («ССКӨБ» АҚ), шекемтас өндірісі 23,7% («ССКӨБ» АҚ), боксит өндіру 13,2% («Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ), құрамында алтыны бар кен өндіру 11,6% («Варваринское» АҚ, «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС) төмендеген.

Сонымен қатар, асбест өндіру 16,3% («Костанайские минералы» АҚ) артты.

Өңдеу саласында – 431,5 млрд. теңге (2022 жылғы қаңтар-наурызда – 312,3 млрд. теңге, өсім 38,2%) өндірілді. НКИ – 119,9%.

Өсім машина жасау өндірісін (НКИ – 142,9%, 237,9 млрд. теңге, үлесі-38,5%), тамақ өнімдерін (НКИ – 113,9%, 106,8 млрд. теңге, үлесі-17,3%) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Шығарылатын өнімде шоколад 75,7 %есе («Баян Сұлу» АҚ),орақ өндірісі 51,8% («Дон мар» ЖШС), сыра өндірісі 26,2% («Фирма» Арасан» ЖШС, «Фирма» Арасан» ЖШС РФ), тракторлар 38,0% («Агромашхолдинг KZ» АҚ, «МТЗ» ЖШС, «КТЗ» ЖШС), жеңіл автомобильдер өндірісі 51,2% («СарыарқаАвтоПром» ЖШС),комбайндар өндірісі- 23,3%(«Агромашхолдинг KZ»),  сүт 11,5% («МИЛХ» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС «Космис» филиалы, «Лидер-2010»), ұн 1,5% («Қостанай мелькомбинаты» АҚ, «Саламат» ЖШС, «Асалия» ЖШС, «Аруана-2010» ЖШС, «Вадиса-М» ЖШС), артты.

Өңделмеген алтын өндірісі 20,6% («Варваринское» АҚ, «Брендт» ЖШС), болаттан жасалған ыстықтай илектелген шыбықтар мен өзектер-9,1%-ға төмендеді.

Өнеркәсіп бойынша 2023 жылғы қаңтар-наурыз айлары бойынша талдау ақпараты
Дата публикации
13 июня 2023