Қостанай облысында 2023 жылы 1 маусым жағдайына 2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның шараларын іске асыру туралы ақпарат

2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шегінде «Кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау» екінші бағыты «Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» 2-міндеттің «Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 1-көрсеткіштің шараларын іске асыру шегінде Қостанай облысына 2022 жылы 10 083,7 млн. теңге (РБ – 6 521,4 млн. теңге, ОБ – 3 562,3 млн. теңге), қаражат бөлінді, оның ішінде:

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 7123,6 млн. теңге (РБ – 4 039,0 млн. теңге, ОБ – 3 084,6 млн. теңге);

  • кредиттерді кепілдеуге – 1 297,4 млн. теңге (РБ – 1 154,2 млн. теңге, ОБ – 143,2  млн. теңге);
  • гранттық қаржыландыруға – 84,0 млн. теңге (ОБ – 84,0 млн. теңге);

- өндірістік инфрақұрылымды дамыту – 1578,7 млн. теңге (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 250,5 млн. теңге).

2023 ж. 1 маусым жағдайына Ұлттық жобаның шараларын іске асыру шегінде 27 343,4 млн. теңге кредиттер сомасына 405 жоба мақұлданды, оның ішінде:

- субсидиялауға – 18 934,4 млн. теңге кредиттер сомасына 241 жоба, оның ішінде:

- «Шағын оның ішінде микрокәсіпкерліктің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерін портфельдік субсидиялауды ұсыну» бағыты бойынша банктердің кредиттері бойынша сый ақы мөлшерін субсидиялауға  606,4 млн. теңге кредиттердің сомасына 60 өтініш мақұлданды;

- «Кәсіпкерлерді/индустриалдық-инновациялық қызметтің субъектілерін қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша сый ақы мөлшерін субсидиялауға кредиттердің сомасына 14 299,0 млн. теңгеге 174 өтініш мақұлданды;

- «Механизм» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттерінің 4 029,0 млн. теңгеге сомасына сый ақы мөлшерін субсидиялауға кредиттердің сомасына 7 өтініш мақұлданды;

- ішінара кепілдеуге - кредиттердің 8 409,0 млн. теңге сомасына 164 өтініш мақұлданды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры) кепілдің жалпы сомасы 4 030,5 млн. теңге құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 806,2 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%), оның ішінде:

- «Шағын оның ішінде микрокәсіпкерліктің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік ішін ара кепілдеу ұсыну» бағыты бойынша банктердің кредиттері бойынша кредиттерді кепілдеуге 606,4 млн. теңге кредиттердің сомасына 60 өтініш мақұлданды. «Даму» Қоры кепілдіктің жалпы сомасы 515,4 млн. теңгені құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 103,1 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%);

- «Кәсіпкерлерді/индустриалдық-инновациялық қызметтің субъектілерін салалық қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша кепілдеуге кредиттердің 7 282,6 млн. теңге сомасына 102 өтініш мақұлданды. «Даму» Қоры кепілдің жалпы сомасы 3 450,3 млн. теңгені құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 690,1 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%);

- «Механизм» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттерінің 520,0 млн. теңге сомасына кепілдеуге 2 өтініш мақұлданды. «Даму» Қоры кепілдің жалпы сомасы 64,8 млн. теңгені құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 13,0 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%).

Гранттіқ қаржыландыру шегінде конкурсты өткізу 2023 жылдың шілде-тамыз айларына жоспарлануда.

Жетіспейтін индустриалдық инфрақұрылымды жеткіздіру шегінде 1 578,7 млн. теңгеге 3 жоба жүзеге асырылуда (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 250,5 млн. теңге), оның ішінде:

  1. «Қостанай қаласында қажетті инфрақұрылымды жеткізіп индустриалды аймақ құру» («ВЛ-10 кВ» құрылысы - 1 272,6 млн. теңге - РБ, 92,6 млн. теңге - ОБ, «220 ВЛ» -140 млн. теңге - ОБ) 1 485,9 млн. теңге (РБ – 1 272,6 млн. теңге, ОБ – 213,3 млн. теңге);
  2. «Қостанай облысы, Федоров ауданының Копыченка ауылында «Промбаза-7» ЖШС өсімдік майын өндіру зауытын электрмен жабдықтау құрылысы» – 11,7 млн. теңге (ОБ);
  3. «Қостанай облысы Қарабалық ауданында «Мал сою пунктін сумен қамтамасыз ету» – 61,8 млн. теңге (РБ - 55,6 млн. теңге, ОБ – 6,2 млн. теңге).

Ұлттық жобаның «Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру» бірінші бағыттың «Өз ісін ашып және дамыту үшін жағыдай жасау» 1 міндеттің «Қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 2-көрсеткіштің шараларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

2023 ж. 1 маусым жағдайына «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету» құралын жүзеге асыру шегінде Қостанай қаланың 446 кәсіпкерлеріне бизнесті жүргізу бойынша (бухгалтерлік, заңдық қызметтер, кедендік процедуралармен байланысты қызметтер және т.б.) 501 қызмет көрсетілді.

«Кәсіпкерлік қабілеті бар халықтың және кәсіпкерлер үшін ақпараттық-консультациялық қызметтер» құралы шегінде 2 098 клиентке 5 566 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- «Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру» бағыты бойынша 1 910 клиентке 4 966 қызмет көрсетілді;

- «Өтініштерді сүйемелдеу» бағыты бойынша 40 клиентке 118 қызмет көрсетілді;

- «Құқықтық сұрақтар және рұқсат құжаттарды алу» бағыты бойынша 148 клиентке 482 қызмет көрсетілді.

«Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құрал шегінде кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге арналған көрсетілетін қызметтерді қамтитын «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» бағыты бойынша кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге 154 қызмет көрсетілді, оның ішінде 141 консультация, менторлыққа 14 ментиді тарту.

Дата публикации
09 июня 2023