Машина жасау саласында 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша облыс бойынша 35 кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 31 шағын, 2 орта және 2 ірі («Сарыарқаавтопром» ЖШС, «Агромашхолдинг KZ» АҚ), оларда 3,4 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Қостанай облысында машина жасау саласында мынадай кәсіпорындар жұмыс істейді: «СарыарқаАвтоПром» ЖШС (автомобильдер өндіру), «АгромашХолдингKZ» АҚ (қозғалтқыштарға арналған жинақтауыштарды (тораптар мен бөлшектер) өндіру, комбайндар мен Тракторларды құрастыру, ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектер өндіру), «Қостанай агромеханикалық зауыты» ЖШС (ауыл шаруашылығы техникасына қосалқы бөлшектер өндіру), «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, «Композит Групп Казахстан» ЖШС (тракторлар өндіру), «Дон Мар» ЖШС (тіркемелі жалпы дестелегіштер өндірісі) және басқалары.
Облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы машина жасау саласының үлесі 2023 жылғы қаңтарда 56,7% құрады.
Облыстың машина жасау кәсіпорындары 2023 жылғы қаңтар-сәуірде 342,0 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл сәйкес кезеңнен 84,3% артық (2022 жылғы қаңтар-сәуірде– 185,6 млрд. теңге). Нақты көлем индексі – 146,4%.
2023 жылғы қаңтар-сәуірде 26 465 автомобиль жиналды, бұл сәйкес кезеңнен 64,2% артық (2022 жылы қаңтар-сәуірле – 16 114 бірлік), 4 630 автомобиль экспортталды.