Облыста өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 948 кәсіпорын айналысады, оларда 42 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
2023 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы 858,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,2%-ға жоғары (2022 жылғы қаңтар-сәуірде - 793,1 млрд.теңге). НКИ-102,5%.
Облыс өнеркәсібінің құрылымында ең көп үлес өңдеу саласына тиесілі – 70,2%, тау – кен өндіру саласына – 26,1%, электрмен жабдықтау – 3,0%, сумен жабдықтау - 0,7%.
Тау-кен өндіру саласында 224,2 млрд. теңгеге (2022 жылғы қаңтар-сәуірде – 332,2 млрд. теңге, төмендеу – 32,6%) өнім өндірілген. НКИ – 77,1%.
Мыс кенін өндіру 46,5%, темір кені концентраттарын өндіру 28,2%, темір кенін өндіру-25,7%, шекемтас өндірісі 25,3%, құрамында алтыны бар кен өндіру 16,8% төмендеген.
Сонымен қатар, асбест өндіру 16,6% артты.
Өңдеу саласында – 603,0 млрд. теңге өндірілді. НКИ – 124,0%.
Өсім машина жасау өндірісін (НКИ – 146,4%, 342,0 млрд. млрд. теңге, саладағы үлесі-39,8%), тамақ өнімдерін (НКИ – 117,3%, 143,0 млрд.. теңге, үлесі-16,7%) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
Шығарылатын өнімде жеңіл автомобильдер өндірісі 54,0%, тракторлар 39,5%, комбайндар 14,1%, жүк автомобильдері 19,2%, орақтар 54,8%, ұн 8,3%, сүт 12,7%, сыра 20,6%, шоколад 56,8%, болаттан ыстықтай илектелген шыбықтар мен өзектер өндірісі 2,2% ұлғайды.
Өңделмеген алтын өндірісі 23,8% төмендеді.