Қостанай облысында 2023 жылы 1 мамыр жағдайына 2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның шараларын іске асыру туралы ақпарат

2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шегінде «Кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау» екінші бағыты «Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» 2-міндеттің «Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 1-көрсеткіштің шараларын іске асыру шегінде Қостанай облысына 2022 жылы 10 083,7 млн. теңге (РБ – 6 521,4 млн. теңге, ОБ – 3 562,3 млн. теңге), қаражат бөлінді, оның ішінде:

- пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 7123,6 млн. теңге (РБ – 4 039,0 млн. теңге, ОБ – 3 084,6 млн. теңге);

  • кредиттерді кепілдеуге 1 297,4 млн. теңге (РБ – 1 154,2 млн. теңге, ОБ – 143,2  млн. теңге);
  • гранттық қаржыландыруға 84,0 млн. теңге (ОБ – 84,0 млн. теңге);

- өндірістік инфрақұрылымды дамыту 1578,7 млн. теңге (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 250,5 млн. теңге).

2023 ж. 1 мамыр жағдайына Ұлттық жобаның шараларын іске асыру шегінде 22 160,3 млн. теңге кредиттер сомасына 224 жоба мақұлданды, оның ішінде:

- субсидиялауға – 16 532,3 млн. теңге кредиттер сомасына 152 жоба, оның ішінде:

- «Кәсіпкерлерді/индустриалдық-инновациялық қызметтің субъектілерін қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша сый ақы мөлшерін субсидиялауға кредиттердің сомасына 12 503,2 млн. теңгеге 145 өтініш мақұлданды;

- «Механизм» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттерінің 4 029,0 млн. теңгеге сомасына сый ақы мөлшерін субсидиялауға кредиттердің сомасына 7 өтініш мақұлданды;

- ішінара кепілдеуге - кредиттердің 5 628,0 млн. теңге сомасына 72 өтініш мақұлданды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры) кепілдің жалпы сомасы 2 252,7 млн. теңге құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 450,5 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%) оның ішінде:

- «Кәсіпкерлерді/индустриалдық-инновациялық қызметтің субъектілерін салалық қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша кепілдеуге кредиттердің 5 108,0 млн. теңге сомасына 70 өтініш мақұлданды. «Даму» Қоры кепілдің жалпы сомасы 2 187,9 млн. теңгені құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 437,6 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%).

- «Механизм» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттерінің 520,0 млн. теңге сомасына кепілдеуге 2 өтініш мақұлданды. «Даму» Қоры кепілдің жалпы сомасы 64,8 млн. теңгені құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 13,0 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%).

Гранттіқ қаржыландыру шегінде конкурсты өткізу 2023 жылдың шілде-тамыз айларына жоспарлануда.

Жетіспейтін индустриалдық инфрақұрылымды жеткіздіру шегінде 1 578,7 млн. теңгеге 3 жоба жүзеге асырылуда (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 250,5 млн. теңге), оның ішінде:

  1. «Қостанай қаласында қажетті инфрақұрылымды жеткізіп индустриалды аймақ құру» («ВЛ-10 кВ» құрылысы - 1 272,6 млн. теңге - РБ, 92,6 млн. теңге - ОБ, «220 ВЛ» -140 млн. теңге - ОБ) 1 485,9 млн. теңге (РБ – 1 272,6 млн. теңге, ОБ – 213,3 млн. теңге);
  2. «Қостанай облысы, Федоров ауданының Копыченка ауылында «Промбаза-7» ЖШС өсімдік майын өндіру зауытын электрмен жабдықтау құрылысы» – 11,7 млн. теңге (ОБ);
  3. «Қостанай облысы Қарабалық ауданында «Мал сою пунктін сумен қамтамасыз ету» – 61,8 млн. теңге (РБ - 55,6 млн. теңге, ОБ – 6,2 млн. теңге).

Ұлттық жобаның «Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру» бірінші бағыттың «Өз ісін ашып және дамыту үшін жағыдай жасау» 1 міндеттің «Қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 2-көрсеткіштің шараларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

2023 ж. 1 мамыр жағдайына «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету» құралын жүзеге асыру шегінде Қостанай қаланың 390 кәсіпкерлеріне бизнесті жүргізу бойынша (бухгалтерлік, заңдық қызметтер, кедендік процедуралармен байланысты қызметтер және т.б.) 432 қызмет көрсетілді.

«Кәсіпкерлік қабілеті бар халықтың және кәсіпкерлер үшін ақпараттық-консультациялық қызметтер» құралы шегінде 1 699 кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік қабілеті бар елді ауылды мекендегі, кіші және моноқалалардағы халыққа 4 394 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- «Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру» бағыты бойынша 1 544 клиентке 3 912 қызмет көрсетілді;

- «Өтініштерді сүйемелдеу» бағыты бойынша – 40 клиентке 118 қызмет көрсетілді;

- «Құқықтық сұрақтар және рұқсат құжаттарды алу» бағыты бойынша – 115 клиентке 364 қызмет көрсетілді.

«Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құрал шегінде кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге арналған көрсетілетін қызметтерді қамтитын «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» бағыты бойынша кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге 100 консультациялар көрсетілді.

Қостанай облысында 2023 жылы 1 мамыр жағдайына 2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның шараларын іске асыру туралы ақпарат
Дата публикации
05 мая 2023