2023 жылғы 1 қаңтардағы Қостанай облысындағы демографиялық жағдай және оның этникалық құрамы туралы ақпарат

2023 жылғы 1 қаңтардағы Қостанай облысындағы демографиялық жағдай және оның этникалық құрамы туралы  ақпарат

 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыс халқының саны 832 237 адамды құрады немесе республикалық көрсеткіштің 4,2%-і (ҚР – 19,8 мын. адам). Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда халық саны 3 449 адамға немесе 0,4%-ке қысқарды (өткен онжылдықта 48 731 адамға төмендеді немесе 5,5%).

Облысымызда қала халқының саны басым келеді – 61,9% (515 243 адам).

Халықтың ең көп саны облыс орталығында – 264 446 адам (31,8%), ең аз саны – Науырзым ауданында 9 194 адам (1,1%).

Облыс аумағында 100-ден астам ұлт пен ұлыстар тұрады. Халықтың негізгі үлесін қазақтар құрап отыр – 44,4%, орыстар – 33,6%, украиндар – 10,4%, немістер – 3,7%, белорустар – 1,9%, татарлар – 1,7%, басқа ұлттар – 4,3%.

Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 4,2 адам. Қостанай, Рудный және Лисаков қалалары тығыз қоныстандырылған, ал облыстың оңтүстік аудандарында халық аз орналасқан, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,3-тен 2,5 адамды құрайды.

Дата публикации
04 мая 2023