Тау-кен өндіру саласында 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша облыс бойынша 98 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 89 шағын, 4 орта және 5 ірі оларда 22,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Тау-кен өндіру саласының неғұрлым ірі кәсіпорындары: «ССКӨБ» АҚ (темір кенін ашық және жерасты өндіру, темір кені шекемтастары мен концентратын өндіру), «Варваринское» АҚ («Доре» мыс концентраты мен қорытпасын өндіру), «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы Краснооктябрь боксит кен басқармасы (боксит өндіру), «Қостанай минералдары» АҚ (хризотил - асбест кендерін өндіру және байыту), «Комаров тау - кен кәсіпорны» ЖШС (құрамында алтын бар кендерді өндіру және «Доре» қорытпасын өндіру), «Қашар кені» АҚ (кен өндіру) болып табылады.
Тау-кен өндіру саласында 99,0 млрд.теңгеге өнім өндірді (2022 жылғы қаңтар-ақпанда – 144,2 млрд. теңге, 31,3% төмендеу). Нақты көлем индексі 70,6%.
Облыс өнеркәсібінің құрылымында тау-кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 26,0% құрады.