Өнеркәсіп бойынша 2023 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша талдау ақпараты

Облыста өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 943 кәсіпорын айналысады, оларда 42 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

2023 жылғы қаңтар-ақпанда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы 379,9 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 6,8%-ға жоғары (2022 жылғы қаңтар-ақпанда - 355,7 млрд.теңге). НКИ-94,4%.

Облыс өнеркәсібінің құрылымында ең көп үлес өңдеу саласына тиесілі – 69,2%, тау – кен өндіру саласына – 26,0%, электрмен жабдықтау – 4,0%, сумен жабдықтау - 0,8%.  

Тау-кен өндіру саласында 99,0 млрд. теңгеге (2022 жылғы қаңтар-ақпанда – 144,2 млрд. теңге, төмендеу – 31,1%) өнім өндірілген. НКИ – 70,6%.

Мыс кенін өндіру 50,0% («Варваринское» АҚ), темір кені концентраттарын өндіру 45,2% («ССКӨБ» АҚ, «Өркен» ЖШС ЛФ), мыс концентраттарын өндіру 42,3% («Варваринское» АҚ), темір кенін өндіру-31,0% («ССКӨБ» АҚ), шекемтас өндірісі 18,4% («ССКӨБ» АҚ), боксит өндіру 17,0% («Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ), құрамында алтыны бар кен өндіру 16,8% («Варваринское» АҚ, «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС) төмендеген.

Сонымен қатар, асбест өндіру 2,4% («Костанайские минералы» АҚ) артты.

Өңдеу саласында – 262,8 млрд. теңге (2022 жылғы қаңтар-ақпанда –  196,1 млрд. теңге, өсім 34,0%) өндірілді. НКИ – 113,3%.

Өсім машина жасау өндірісін (НКИ – 121134,1%, 142,6 млрд. теңге, үлесі-54,2%), тамақ өнімдерін (НКИ – 116,4%, 70,8 млрд. теңге, үлесі-25,8%) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

Шығарылатын өнімде орақ өндірісі 3,8 («Дон мар» ЖШС), сыра өндірісі 51,7% («Фирма» Арасан» ЖШС, «Фирма» Арасан» ЖШС РФ), тракторлар 46,5% («Агромашхолдинг KZ» АҚ, «МТЗ» ЖШС, «КТЗ» ЖШС), жеңіл автомобильдер өндірісі 38,7% («СарыарқаАвтоПром» ЖШС), сүт 8,5% («МИЛХ» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС «Космис» филиалы, «Лидер-2010»), ұн 3,1% («Қостанай мелькомбинаты» АҚ, «Саламат» ЖШС, «Асалия» ЖШС, «Аруана-2010» ЖШС, «Вадиса-М» ЖШС), шоколад 2,4 есе («Баян Сұлу» АҚ) артты.

Өңделмеген алтын өндірісі 48,5% («Варваринское» АҚ, «Брендт» ЖШС), болаттан жасалған ыстықтай илектелген шыбықтар мен өзектер-4,6%-ға, комбайндар өндірісі 1,7% ( «АгромашХолдинг KZ» АҚ) төмендеді.

Өнеркәсіп бойынша 2023 жылғы қаңтар-ақпан айлары бойынша талдау ақпараты
Дата публикации
27 апреля 2023