2021-2025 жылдарда кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Ұлттық жобаның (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шегінде «Кәсіпкерлердің өсуін акселерациялау» екінші бағыты «Кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру» 2-міндеттің «Қаржылық қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 1-көрсеткіштің шараларын іске асыру шегінде Қостанай облысына 2022 жылы 9 871,2 млн. теңге (РБ – 6 328,2 млн. теңге, ОБ – 3 543,0 млн. теңге), қаражат бөлінді, оның ішінде:
- пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 6 384,6 млн. теңге (РБ – 3 300,0 млн. теңге, ОБ – 3 084,6 млн. теңге);
- өндірістік инфрақұрылымды дамыту 1559,4 млн. теңге (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 231,2 млн. теңге).
2023 ж. 1 наурыз жағдайына Ұлттық жобаның шараларын іске асыру шегінде 13118,1 млн. теңге кредиттер сомасына 83 жоба мақұлданды, оның ішінде:
- субсидиялауға – 9 971,9 млн. теңге кредиттер сомасына 58 жоба, оның ішінде:
- «Кәсіпкерлерді/индустриалдық-инновациялық қызметтің субъектілерін қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша сый ақы мөлшерін субсидиялауға кредиттердің сомасына 5 972,8 млн. теңгеге 52 өтініш мақұлданды;
- «Механизм» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттерінің 3 999,0 млн. теңгеге сомасына сый ақы мөлшерін субсидиялауға кредиттердің сомасына 6 өтініш мақұлданды;
- ішінара кепілдеуге - кредиттердің 3 146,2 млн. теңге сомасына 25 өтініш мақұлданды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» Қоры) кепілдің жалпы сомасы 1 158,5 млн. теңге құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 231,7 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%,) оның ішінде:
- «Кәсіпкерлерді/индустриалдық-инновациялық қызметтің субъектілерін салалық қолдау» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша кепілдеуге кредиттердің 2 656,2 млн. теңге сомасына 24 өтініш мақұлданды. «Даму» Қоры кепілдің жалпы сомасы 1 107,5 млн. теңгені құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 221,5 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%).
- «Механизм» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктердің кредиттерінің 490,0 млн. теңге сомасына кепілдеуге 1 өтініш мақұлданды. «Даму» Қоры кепілдің жалпы сомасы 51,0 млн. теңгені құрайды, соның ішінде мемлекеттің кепілі – 10,2 млн. теңге (кепілдің жалпы сомасынан 20%).
Гранттіқ қаржыландыру шегінде конкурсты өткізу 2023 жылдың сәуір-мамыр айларына жоспарлануда.
Жетіспейтін индустриалдық инфрақұрылымды жеткіздіру шегінде 1 559,4 млн. теңгеге 3 жоба жүзеге асырылуда (РБ – 1 328,2 млн. теңге, ОБ – 231,2 млн. теңге), оның ішінде:
Ұлттық жобаның «Кәсіпкерлік белсенділікті арттыру» бірінші бағыттың «Өз ісін ашып және дамыту үшін жағыдай жасау» 1 міндеттің «Қаржылай емес қолдау шараларын алған кәсіпкерлік субъектілерінің саны» 2-көрсеткіштің шараларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
2023 ж. 1 наурыз жағдайына «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қызметтер көрсету» құралын жүзеге асыру шегінде Қостанай қаланың 202 кәсіпкерлеріне бизнесті жүргізу бойынша (бухгалтерлік, заңдық қызметтер, кедендік процедуралармен байланысты қызметтер және т.б.) 207 қызмет көрсетілді.