Мендіқара ауданы әкімінің орынбасары, Е-1 санаты, 03-1-3, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы
Облыс әкімінің аппараты 2020 жылғы 16 маусым
сағат 17.30
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2020 жылғы 02 наурыздағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес, конкурстық комиссия ШЕШТІ:
Мендіқара ауданы әкімінің орынбасары, Е-1 санаты, 03-1-3, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс қорытындысы бойынша Габит Мажитович Бекбаевты қабылдау ұсынылсын.