Ұлттық жоба шегінде 2022 жылы қырқүйекте іске асырылған инфрақұрылым жобалар туралы ақпарат

Жетіспейтін индустриалдық инфрақұрылымды жеткіздіру шегінде 2 798,0 млн. теңгеге 7 жоба жүзеге асырылуда (РБ – 1 475,9 млн. теңге, ОБ – 1 316,3 млн. теңге, аудандық бюджет – 5,8 млн. теңге), оның ішінде:

  1. «Қостанай қаласында қажетті инфрақұрылымды жеткізіп индустриалды аймақ құру (220 ВЛ құрылысы - 983,7 млн. теңге РБ, 854,7 млн. теңге ОБ, ВЛ-10 кВ- 30 млн. теңге ОБ)» – 1 868,4 млн. теңге (РБ – 983,7 млн. теңге, ОБ – 431,0 млн. теңге);
  2. «Қостанай облысы, Федоров ауданының Копыченка ауылында «Промбаза-7» ЖШС өсімдік майын өндіру зауытын электрмен жабдықтау құрылысы» – 125,7 млн. теңге (РБ – 114,0 млн. теңге, ОБ – 11,7 млн. теңге);
  3. «Қостанай қаласының индустриялық аймағында «TEHСNOPARK KZ» ЖШС кірме темір жолын салу» – 392,8 млн. теңге (ОБ);
  4. «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ а.о. Гурьяновское кентіндегі құс фабрикасының кешеніне кәріз желісін салу» – 312,1 млн. теңге (РБ – 205,1 млн. теңге, ОБ – 22,7 млн. теңге);
  5. ЖШС «Қостанай облысы Қарабалық ауданының Қарабалық кентіндегі құс фабрикасының сою пунктіне су құбыры желісін салу» – 58,2 млн. теңге (РБ – 52,4 млн. теңге, аудандық бюджет – 5,8 млн. теңге);
  6. «Қостанай облысы, Лисаковск қаласы, 2 – өнеркәсіптік аймақ мекенжайында орналасқан кремний қара карбидін өндіретін зауыттың алаңнан тыс инженерлік желілерн салу. Су құбыры. Кәріз. Газбен жабдықтау» – 134,1 млн. теңге (РБ – 120,7 млн. теңге, ОБ – 13,4 млн. теңге);
  7. «Бетон өндіру базасына электрмен жабдықтау құрылысы» – 4,4 млн. теңге (ОБ)
Дата публикации
22 февраля 2023