«Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс өткізу жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды отырысы
Облыс әкімінің аппараты 2020 жылғы 15 маусым
сағат 17.30
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес, конкурстық комиссия ШЕШТІ:
Жалпы конкурстың қорытындысы бойынша «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы лауазымына, D-О-4 санаты, Наталья Михайловна Ляпинаны қабылдау ұсынылсын.