2023 жылғы қаңтардағы жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша ақпарат

Облыстың жеңіл өнеркәсібі тоқыма, трикотаж бұйымдарын, киім-кешек, бас киім, тоқылмаған геосинтетикалық материалдар өндіретін кәсіпорындардан тұрады.

2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында 31 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 30 шағын және 1 орта («Большевичка» ӨнК), оларда 350-ден астам адам жұмыс істейді.

Сала кәсіпорындарына «Большевичка» ӨнК, «Тоқыма емес материалдар фабрикасы» «S.M.F-System» ЖШС, «Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі, «Азурит» - өнеркәсіптік-сауда фирмасы» ЖШС, «ABC Astana production» ЖШС және басқалары жатады.

Облыстың жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 2023 жылғы қаңтардағы қорытынды бойынша қолданыстағы бағамен 179,4 млн. теңгеге өнім өндірді.

Жеңіл өнеркәсіптің нақты көлем индексі 100,5% құрады.

2023 жылғы қаңтарда облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымындағы жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,1% құрады.

Дата публикации
22 февраля 2023