Облыста өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 914 кәсіпорын айналысады, оларда 42 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
2023 жылғы қаңтарда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары жалпы 186,7 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 5,1%-ға жоғары (2022 жылғы қаңтарда - 177,7 млрд.теңге). НКИ-91,2%.
Облыс өнеркәсібінің құрылымында ең көп үлес өңдеу саласына тиесілі – 67,2%, тау – кен өндіру саласына – 27,8%, электрмен жабдықтау – 4,3%, сумен жабдықтау - 0,7%.
Тау-кен өндіру саласында 51,7 млрд. теңгеге (2022 жылғы қаңтарда – 69,0 млрд. теңге, төмендеу – 25,1%) өнім өндірілген. НКИ – 71,4%.
Темір кені концентратын өндіру 54,6%-ға («ССКӨБ» АҚ, «Өркен» ЖШС ЛФ), шекемтастар өндірісі 14,5%-ға («ССКӨБ» АҚ), құрамында алтыны бар кенді өндіру 16,2%-ға («Варваринское» АҚ, «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС), асбест өндірісі 0,5% төмендеген.
Сонымен қатар, мыс концентраттарын өндіру 55,6% («Варваринское» АҚ), бокситтерді өндіру 1,0% («Қазақстан алюминийі» АҚ КБКБ), мыс кенін өндіру 0,5% («Варваринское» АҚ) артты.
Өңдеу саласында – 125,4 млрд. теңге (2022 жылғы қаңтарда – 100,9 млрд. теңге, өсім 24,3%) өндірілді. НКИ – 105,3%.
Өсім машина жасау өндірісін (НКИ – 121,2%, 64,10 млрд. теңге, үлесі-51,1%), тамақ өнімдерін (НКИ – 114,5%, 32,4 млрд. теңге, үлесі-25,8%) және металлургия өнеркәсібін (НКИ – 75,9%, 22,4 млрд. теңге, үлесі-17,92%) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
Шығарылатын өнімде шоколад өндірісі 3,8 есеге («Баян Сұлу» АҚ), сыра өндірісі 77,0% («Фирма» Арасан» ЖШС, «Фирма» Арасан» ЖШС РФ), жеңіл автомобильдер өндірісі 33,0% («СарыарқаАвтоПром» ЖШС), комбайндар өндірісі 12,5% («Агромашхолдинг KZ» АҚ), сүт 16,2% («МИЛХ» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «RG Brands Kazakhstan» ЖШС «Космис» филиалы, «Лидер-2010»), ұн 4,7% («Қостанай мелькомбинаты» АҚ, «Саламат» ЖШС, «Асалия» ЖШС, «Аруана-2010» ЖШС, «Вадиса-М» ЖШС), тракторлар 0,6% («Агромашхолдинг KZ» АҚ, «МТЗ» ЖШС, «КТЗ» ЖШС) артты.
Өңделмеген алтын өндірісі 31,8% («Варваринское» АҚ, «Брендт» ЖШС), орақтар 22,2% («Дон мар» ЖШС) болаттан жасалған ыстықтай илектелген шыбықтар мен өзектер-14% - ға төмендеді.