01.01.2023 Ж. Қостанай облысының денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің қорытындылары

01.01.2023 Ж. Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің қорытындылары

 


Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 489 медициналық нысан кіреді (01.01.2022 ж. – 489).

Облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 орталық ЖИТС, 7 емхана, 40 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт).

Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 364 кереуетті құрайды.

Төсектермен қамтамасыз ету (10 000 тұрғынға шаққанда) 50,67 құрайды.

Облыста 1 915 дәрігер (01.01.2022 ж.-1 920) және 6 117 орта медицина қызметкері (01.01.2022 ж. – 6 059) жұмыс істейді.

Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) қамтамасыз етуді дәрігерлер – 22,24 (01.01.2022 ж. – 22,16), орта медицина қызметкерлерімен – 71,03 (01.01.2022 ж. – 69,92) құрайды.

Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) өсті:

2021 жыл-11,6/129
2022 жыл-11,8/123

Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:

2021 жыл-54,1 / 6
2022 жыл-19,2 / 2

Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 41,9-дан 46,4-ке дейін өсті.

Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 2,9-дан 1,9-ға дейін төмендеді (алдын ала деректер).

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,514 құрады, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,478 құрады.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 276,5-тен 320,2-ге дейін өсті.

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 85,9-дан 82,1-ге дейін төмендеді (өлім-жітім бойынша алдын ала деректер).

Дата публикации
09 января 2023