2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2020-2024 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің болжамы және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық және облыстық бюджеттердің арасындағы өзара қатынастар «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 275-VI Заңында белгіленген.
Осы Заңға сәйкес республикалық бюджеттен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2020 жылға 140 029 261 мың теңге сомасында, 2021 жылға 135 998 777 мың теңге сомасында, 2022 жылға 133 543 226 мың теңге сомасында белгіленді.
Өз кезегінде үш жылға арналған облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы бюджетаралық қатынастар «Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңыздағы қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 455 шешімімен бекітілді.
«Қостанай облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының шешімі облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 454 сессиясында бекітілді.