Облыс әкімі аппараты басшысының
2020 жылғы 10 ақпандағы
№ 61 бұйрығына қосымша
Облыс әкімі аппараты басшысының
2019 жылғы 3 қаңтардағы
№ 2 бұйрығымен бекітілген
Қостанай облысы әкімінің аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімі туралы ереже
1.1 Әлеуметтік-саяси бөлім (бұдан әрі – Бөлім) «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2 Бөлім өз қызыметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Облыс әкімі аппараты туралы ережені, Облыс әкімі аппаратының жұмыс регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
1.3 Бөлімнің штаттық санын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
1.4. Әлеуметтік-саяси бөлім:
құқықтары және міндеттері
2.1 Міндеті: Қостанай облысы аумағында әлеуметтік-саяси мәселелер жөнінде облыс әкімінің қызметін қамтамасыз ету.
2.2. Функциялар:
1) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметінің актілерінің, әкімдіктің қаулыларының, әкімнің шешімдері, өкімдері және тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету;
2) облыс әкіміне ұсыныстар енгізе отырып, облыстың әлеуметтік-саяси ахуалын зерделеу және талдау, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының жұмысын талдау;
3) Бөлімнің құзыреті шегінде гендерлік саясатты үйлестіру;
4) Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасары қатынасатын іс-шараларды дайындау және өткізу.
2.3 Құқықтары мен міндеттері:
1) өзінің құзыретінің шегінде мәселелер қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға қатынасу, олардың орындалуын тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардан талап ету;
2) лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды, сондай-ақ басшылардың тапсырмаларын орындауды кешіктіру себептері туралы түсініктемені белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) облыс әкімінің, әкімдігінің тапсырмасы бойынша мәселелерді дайындау кезінде жоғары білікті мамандарды, сарапшыларды, ғылыми қызметкерлерді тарту;
4) қолданыстағы заңнамаға және оларға сәйкес қабылданған облыс әкімі аппаратының ішкі құжаттарына сәйкес атқарушылық және еңбек тәртібін қатаң сақтау.
3.1 Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттікке ие.
3.2 Бөлімді облыс әкімінің аппараты басшысының бұйрығымен лауазымына тағайындайтын және лауазымынан босататын басшысы басқарады.
3.3 Бөлім басшысы Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
3.4 Бөлім басшысы облыс әкімі аппаратының басшысына Бөлімнің құрылымы мен шаттық кестесі жөнінде ұсыныс енгізеді.
3.5. Осы мақсатта Бөлім басшысы:
1) Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін анықтайды;
2) Бөлімнің жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;
3) облыс әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
4) Бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу және жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және заңдарға сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
3.6 Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы қол қояды, ол болмаған жағдайда – оны ауыстыратын тұлға қол қояды.
_________________